Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Менде мынадай сұрағым бар, мүгедек-баланы күткен адамдарға қандай әлеуметтік төлемдер бар? Алдын ала рахмет! (Аружан)
Жауап: Отбасын бекіту мен мүгедек-балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, 2009 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекеленген азаматтар категорияларына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде» Заңы қабылданған болатын, оған сәйкес, 2010 жылдан бастап 18 жасқа дейін мүгедек-балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға, минималды жалақы (15 999 тенге) мөлшеріндегі жаңа жәрдемақы енгізілді.
Юрист Адина А.
|