Жарнама
-Көгілдір экранға ауа райын әлсін-әлсін хабарлап тұратын түрі келісті, тартымды келген өтірік айтуға майталман бойжеткен қажет.Әйел қоңырауы
Зайыбы құдай қосқан еркегіне қоңырау шалды:-Менің мәшинем сынып қалды,-деді ентігіп. Күйеуі күйіп-пісіп айқайға салды:-Оған не болып қалды аяқ астынан?!Әйелі:-Карбюраторына су кіріп кетті!Еркегі:-Қайдағы карбюраторды айтып тұрсың?! Сен оның қай жерде орналасқанын да білмейсің!? Бұл не дегенің?!Әйелі:-Менің мәшинем көлде тұр...Асығыс екен
Автобус жүргізіп келе жатқан жүргізуші бір жолаушыға ойбайын салып айқайлады:-Сіз не істейін деп тұрсыз? Автобус жүріп келе жатқанда одан қарғуға болмайды, білдіңіз бе?!-Білем! Ауруханаға асығып бара жатырмын!- Ауруханаға?.. Е, онда жарайды...
|