Ай не болар күннен соң Күн не болар айдан соң, Құлпырып тұрған бәйшешек Қурай болар солған соң. Хандар киген қамқа тон Шүберек болар тозған соң, Еңсесі биік кең сарай Мортық болар бүлген соң. Төрде отырған қарт бабаң Төресін жаңылар малдан соң, Доңғалақ арба жүре алмас, Қос арысы сынған соң, Жігіт жақсы бола алмас, Алғаны жаман болған соң. Фото: Государственная детская библиотека им С. Бегалина
|