Бір сараң үйінде нанға бал жағып, жеп отырады. Үстіне бір танысы кіріп келеді. Сараң нанды жасырып, балды жасырып үлгермейді. Құр балды жей бермес деп ойлап, келген танысына: -Бал жей отыр,-дейді. Ол балды нансыз-ақ асап жей береді. Барлығын жеп қояды деп сараңның зәресі ұшып шыдай алмай: -Балды көп жей берме, жүрегіңді ауыртады,-дейді. Танысы сараңның ниетін түсініп: -Сенің жүрегіңді ауыртпаса, менің жүрегімді ауыртпайды!-депті.
|