Воскресенье, 07.12.2025, 08:55
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 13
Гостей: 13
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Июнь » 11 » Дұшпанды кішкене, әлсіз деп ойлама
Дұшпанды кішкене, әлсіз деп ойлама
08:52
Өз заманының білгірі болған Қайқауыс патшаның ұлына айтқан өсиет сөздеріне көңіл бөліңіздер. Бүгін біз оқырман «Қабуснама» кітабынан дұшпаннан құтылу жайлы мына өсиетті ұсынбақпыз:
-Бірде-бір жанды өзіңе дұшпан етпеуге әрекеттен. Егерде бір кісі саған дұшпан бола қалса, оның әшкере немесе құпия іс-әрекетінен хабарың болсын. Оған қарсы қолданатын шараларыңды ұқыптылықпен ұйымдастыр.
-Өзіңді жауыңа мықты көрсет. Әлсіз болсаң да сыртыңды күшті көрсетіп, қайраттана біл, өзіңнің әлсіз екеніңді сездірме. Дұшпанның тәтті, жалған сөзіне көңілің алданбасын. Дұшпаның қанша жақсылық істесе де, одан қауіп-қатерсіз болма, әрдайым сақ бол. Екі нәрседен сақтанған жақсы: бірі-күшті дұшпан, екіншісі-айлалы дос деген.
-Дұшпан сені жеңбей тұрып сен оны жеңудің жолдарын ойлан. Егер дұшпаныңды жеңсең, оның әлсіздігін, бақытсыздығын айтып халыққа мақтанып сөз сөйлеме.
-Дұшпаныңды кішкене, әлсіз деп ойлама. Оның хал-жағдайынан хабарсыз болма. Әсіресе, сыр мінез дұшпаннан сақтан, оның істеген ісін басқа дұшпан істей алмайды. Оның сенде ежелгі кегі болғандықтан өз ойын сенің пікіріңнен шет қалдырмас... Сенің барлық хал-жайыңды біледі, ал тыңнан келген дұшпан оны білмейді.
-Дұшпаныңа немқұрайды қарап, достық жасама, бірақ досыңдай көріне біл. Бәлкім, мұндай достығың шынайы достыққа айналып кетер. Өйткені көп достықтың соңы дұшпандыққа, ал дұшпандықтың соңы достыққа айналатын жағдайлар болады. Дұшпаныңнан гөрі досыңды көбейт.
-Данышпан Фашегуре «он түрлі қасиетке ие болу үшін әрекет етсең, бәледен құтыласың» депті. Олар-өзіңнен ұлық күштімен ұрыспа, ожар мінезділермен алыспа, қызғаншақ-қызбалармен мәжілістес болма, монтаны екіжүзді кісімен дос болма, жалғаншы жанмен мәміле қылма, бақылмен сұхбаттас болма, көре алмайтын жаманмен, жаман мінез-құлықты жандармен шарап ішпе, қатындармен бір жерде көр отырма, сырыңды ешкімге айтпа, абыройын төгілмесін.
-Егер бір кісі айыбыңды ашса, әрекет етіп сол кемшілігіңді жөнде. Біреуді орынсыз мақтама, уақыты келгенде оны жамандай алмайсың. Сол сияқты біреуді қатты жамандама, уақыты келсе, оны мақтай алмайсың. Кімнің саған ісі түсіп, мұқтаж блса, оған кінәңді айтып қорқытпа. Өйткені әрбір адам саған мұқтаж болмаса, сенің айтар кінәңнан да, күш-құдіретіңнен де қорықпайды.
Категория: Этикет | Просмотров: 1582 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Июнь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz