Бұл кезекте буынды тазарту жолдары айтылады. Оны жасамаңыз да ойыңызда жүргені пайдалы. Мұндайда осыдан бұрын бірнеше рет ескертілгендей өздеріңіздің дәрігерлеріңізбен ақылдасып отыру қажет. Буынды тазарту. Тазарту кезінде тұздар белсенді түрде еріп, жиі-жиі зәр келеді және оның түсі қызғылт түске енеді. Бірінші процедурадан кейін екі апта өткенде сізді мазалаған аурулар басылып, буыныңыз иілгіш қалыпқа түседі. 5 грамм лавр жапырағын майдалап 300 миллилитр суға салады да оны 5 минут қайнатады. Одан соң бұл қайнатпаны термосқа құйып 4-5 сағаттай сақтайды. Оны құйып алып әр 12 минут сайын бір шай қасықтан ұрттай отырып 12 сағат ішінде тауысу керек. Егер бұдан көп мөлшерде ішіп қойсаңыз қан кетуі мүмкін. Бұл процедура үш күн қатарынан қайталанады да бір апта үзіліс жасайсыз. Мұнан соң тағы да үш күн қатарынан қайталайсыз. Бірінші жылы тоқтасына бір рет, одан соң әр жылы бір реттен жасаса жетеді. Процедура кезіндегі тамағыңыз міндетті түрде-вегетарианды болуы тиіс. Бұл емге кіріспес бұрын ішкі ағзаңызды толық тазалап алғаныңыз жөн. Әйтпесе, улы заттар еріп қаныңызға түседі де жайсыз жағдайларға тап болуыңыз ықтимал. Буынды күрішпен тазарту әдісі де тиімді. Бұл кезде бір килограмдай салмақ жоғалтасыз. Бір стақан күрішті тазалап, бір түн бойына суға салып қоясыз. Оның тиімділігі арта түсуі үшін кейбіреулер үш күн бойына жібітеді. Мұнан соң күрішті сүзіп алып екі стақан суға қайнатады. Әбден суы тартылып қайнаған күріштің бетіндегі кілегейді тазартады. Бірінші күн: Дайын күрішті 4 порцияға бөліңіз. Әр порцияны араға 1 сағат салып қабылдау керек. Қабылдау алдында итмұрын (шиповник) тұнбасын ішіңіз немесе бір апельсин жеңіз. Екінші күн: Күрішті қабылдамастан 20 минут бұрын жарты стақан су ішіңіз. Мұнан басқа 500 гр қайнаған қызылша немесе 200 гр алма жеуге болады. Процедураны 3-4 күннен соң қайталаңыз. Емделу ұзақтығы-2 ай, арасында міндетті түрде үзіліс жасау керек. Жалғасы бар…
|