Бір қоңылтақ шаруа кісінің әйелі аса салақ, әрі олақ екен. Сондықтан, олар бала-шағаларымен әрдайым жалба-жұлба болып, кір киім киіп, қалай болса солай жүре береді. Бірақ, бұған ауыл тұрғындарының көзі үйреніп кеткендіктен ескермейді екен. Тек, бірде көрші ауылдан келген көлденең кісі көріп: -Апыр-ай, ақсақал, жеңіңіз жалбырап тұр екен. Түймелеріңнің біреуі ғана қалыпты, әйеліңіз жоқ па еді?-дейді. Сонда ана кісі жымиып: -Әй, шырақ-ай! Әйел бар болғыр менде жоқ, тек балаларымның шешесі ғана бар,-деп жауап беріпті.
|