-Таңертең ұйқыдан оянғанда дене температурасы біршама төмендейді. Мұндайда мүмкіндік болса, душтың суын бір-бірте ысыта отырып, жуынып шыққан дұрыс. Бұл шаршағаныңызды басып, денеңіздің тыңайып қалуына септігін тигізеді. -Кешегі ауыр жұмыстан кейін аяқ-қолыңыздың бұлшық еттерін қыздырап алған жөн. Ол үшін 10-15 минут жоғарыға тартылып, жауырынға салып, екі жаққа қарай керетін құрал арқылы жұмыс істеу керек. Табанмен басып тұрып жоғары қарай керу, белге салмақ салып отырып, аяқпен теуіп керетін құралмен айналысқан дұрыс. -Басты оң және сол жаққа асықпай бұру. Сосын алақанды жылытып алып, мойынды сылау қажет. Жоғарыдан төмен қарай және иектен бастап сылау кезінде қалқанша безіне күш түсіріп алмау керек. -Екі қолдың саусақ ұшымен желкенің ойығын басып, төмен-жоғары сылау керек. Басты алға қарай оздыра отырып, бірнеше рет жасалған жаттығудан соң жанардың нұры толып, мойын тамырлары ысып, бастағы қан айналымы жақсарады. -Жоспар бойынша ауыр жұмыс көзделсе, ол жұмыс басталардан бір, бір жарым сағат бұрын банан немесе қан ысытатын жеміс пайдаланыңыз. Құрамында женшень, лимон, итмұрын қосылған шай ұйқыдан тез сергітеді. Көңіл күйіңізді көтеріп, жұмысқа қабілетіңізді арттырады.
|