Қап жоғалтпақ, арқан жоғалтпақ
Ертеде аңқау базарға барып, апарған арқандарын, қаптарын, ұрлатып жұрдай болып қайтыпты. «Жалғыз жоғалтқан мен десем әйелім ұрсып жүрер, жұрттың көбі-ақ қабы мен арқандарын жоғалтты дейін» деп ойлапты. Үйіне келген соң әйелі:-Базар қалай болды?-депті.-Базары құрысын: қаптап жүрген қап пен арқан жоғалтқандар,-деп күмілжіпті.Ұқсауын ұқсайды...
Бір бай құрбандыққа қой шалыпты. Онысы өте семіз шығыпты. Құрбан иесі қуанып кетіп:-Аппақ май, семіздігі нақ шошқадай екен!-дейді, сонда қасында отырған батагөй молда:-Бұл қой енді арам болды. Құрбандыққа жарамайды,-дейді. Бай амалсыздан екінші қой әкеліп сояды. Ол қой да семіз шығады. Құрбан иесі:-Молда-еке, кесерге қарасы жоқ. Әлгі бәлеге ұқсауын ұқсайды, тек атауға болмайды,-депті.
|