Гүлді өткір пышақпен қиғаштай кесіп, оның сабағын суға қандыру үшін қолма қол суға салу керек. Гүлді вазаға салар бұрын сабақтың төменгі жағындағы жапырақтарды алып тастайды, өйткені олар суда тез шіриді де, гүлді солдырады. Сүт шырына бар өсімдікті, шырыны қатып, өсімдіктің су алатын жолын жауып тастамас үшін жылы суға салады. Ағаш тектес өсімдіктердің сабағының (гортензия, сирень, хризантема т.с.) төменгі жағын кішкене тарамдап салса, суды жоғарыға жақсы тартады. Гүлдердің сабағын күн сайын кесіп отыру керек, өйткені су жүретін жолда бітеліп қалады. Вазадағы суды күн сайын жаңартып отырады, жылы күндерде одан да жиі жаңартады.
|