Ерейментау (үзінді)
Сарысуды ауылым жанай қонған,Әкем-Құтпан, ағайым-Шоңай болған.Қазы, қарта әкелсе жемеуші едім,Түрменің қара наны балдай болған.Іші жаман түрменің темірлеген,Шіркін көңіл қайғымен семірмеген.Жан-жағымның, қарасам, әскер бәрі,Терезеден кім қалды телмірмеген?Болған екен несібем менің түзден,Күдер үзіп жүр ме екен ел-жұрт бізден?Оқта-текте қайран жұрт еске түссе,Шымырлап жас шығады екі көзден.Жығылуы батырдың боқтан да оңай,Қорыққанға қос көрінер жалғыз қурай.Бейнеттінің таңынан тартса қасқыр,Оны да сақтайтұғын жаппар құдай.Жоқтың күні немене бар қасында,Жарбаңдайды жапалақ жар басында.Жалбарынып сұраймын, сақта, құдай,Қас қылған қаныпезерден жолдасына.Ботықара, жолымда қаласың да,Ерейментау, Баянның арасында.Тоғыз жасар Дәулетхан жетім қалды,Тірі жүрген қасқырдың баласындай.Қатар-қатар қаланған тастарым-ай,Мұнарланып көрінген бастарың-ай.Еске түссе, қайтейін, Ерейментау,Көзімнен ақты парлап жастарым-ай!Жас күнімнен ел кезіп көрдім көпті,Жел сөзге әуел бастан аузым епті.Сығалап абақтының тор көзінен,Айтайын өздеріңе біраз кепті.Тумай жатып өш болды маған болыс,Аударылды сол үшін талай қоныс.Сатырлатып сабаушы ем шеттерінен,Мынау ояз демеуші ем, мынау болыс!Қош-аман бол, Сарыарқа, өскен жерім,Кір жуып, кіндігімді кескен жерім.Тартысып ертелі-кеш кәззаптармен,Шұбырып маңдайымнан аққан терім.1898ж
|