Шойынбет бидің жалғыз қызы Азылханды Мұқаш бай баласына алып бермекші болады да бұларды Қарабұлақ деген жерде тұратын ауылына меймандыққа шақырыпты. Мезгіл қыс кезі екен. Бай қыстың көзі қырауда қымыз, өрік-мейіз сияқты түрлі таңсық тағамдарды алдына қоя отырып: -Сіздің ауылда дастарқан осындай ма?-деп сұрайды. Сонда Шойекең: -Жердің үстіндегі халық бір-біріне немере-шөбере, құда-жекжат қой, мұндай тағамдар біздің ауылдан да табылады,-деп жауап беріпті. Мұндай ұтқыр уәж күтпеген Мұқаш бай бас изеп: «Дұрыс айтасыз, дұрыс»,-деп өзі ұялып қалыпты.
|