Ертеде бір қолынан іс келмейтін олақ адам бар екен. Сонысына қарамастан ол оны-мұныны істеуге әуес болыпты. Бір күні әлгі олақ өткір шотпен ағаш шауып отыр екен, қасынан өтіп бара жатқан бөгде біреу оқыс бұрылып, бірден шотқа жармасып: -Бұл менің әкемнің шоты, сен мұны қайдан алдың?-деп пәле салыпты. Олақ: -Бұл өз шотым!-деп өзеурейді. Ақыры бірін бірі жеңе алмай, қазыға жүгініске келеді. Даукес қазыға олақтың шотын да, шауып отырған ағашын да ала келген екен. -Тақсыр, бұл менің әкемнің шоты, оған дау болмасқа керек!-депті Даукес. -Оны қайдан білдің?-депті қазы. -Оны білгенім, әкемнің шоты шапқан сайын өрлейтін, міне мына шотта дәл сол қасиет бар екен?-деп әр жері қиқа-жиқа болған ағашты көрсетіпті. Сөзден жеңілген қазы шотты Даукеске бергізіпті.
|