Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.
Жақсы адам-елдің ырысы, Жақсы жер-жанның тынысы.
Бір кісі мың кісіге олжа салар.
Адам аласы ішінде, Мал аласы сыртында.
Ақ жүрген адам азбас.
Қошқар болар қозының Маңдай жағы дөң келер, Адам болар баланың Етек-жеңі кең келер.
Адам болатын бала Алысқа қарайды.
Адам жүрген жермен адам жүреді, Біреу білмегенді, біреу біледі.
Аты-тоны бар кісіде, Әзіретәлінің күші бар. Жалғасы бар…
|
Заманың түлкі болса, Тазы боп шал.
Жасы бір құрдас емес, Заманы бір құрдас.
Заманына қарай амалы.
Заманына қарай күлкісі, Тауына қарай түлкісі.
Келме кезек, терме тезек.
Адамды заманы билейді.
Заманың қалай болса, Бөркіңді солай ки.
Заманы бірдің амалы бір.
Барар жерің Балқан тау, Ол да біздің көрген тау.
Балапан басына Тұрымтай тұсына.Источник фото: ИНФО KZ
|
|
Құдіретті мен қияс сиыса алмайды.
"Күшім-күшім" деген итің күшік боп кетеді.
Құдығында су барда Жігітті шөл қинар ма?
Анау желбас, мынау сараң- Күйеуге мен кімге барам?..
Ит түсінде де ырылдайды.
Қашыр, атаңа да тартыпсың, енеңнен де аумапсың.
Құлжадай кекжиеді құтылғанда, Иттей боп, ирелеңдер тұтылғанда.
Тырп етпесең орныңнан, Кім ереді соңыңнан?!
Ауруды дерті қинайды, Анасы ғана жылайды.
Жарлыға жаратқан ғана жар болар.
Ақылды жамау-жасқау іліп шығар, Ақымақ әлем-жәлем киіп шығар.
Үзілген шыбықтан ұрпақ та күтпе, дән де дәметпе.
Иесінің пейілі түссе де, Итінің мейірі түспейді.
Бағың жанды сорың қалды.
|
|
"А"-ны айтқан екенсің, "б"-ны да айт.
Өмірдің тәттілігін өлеріңде білерсің.
Мүртетке мұрт та шықпас.
Әке болдым деп мақтанба, Адам болдым деп шаттан.
Орын адам көркі емес, адам орын көркі.
Қыраннан қыран туады, Жыланнан жылан туады.
Кәрі ағаш сықырласа да сынбайды.
Жасты тартысқа сал, Кәріні айтысқа сал.
Қартайған уақытша үйленеді.
Кәрілік көрге сүйрер.
Біреудің шаңырағына ақыл айта барма.
Біреу күн нұрына малынса, Біреу ай сәулесіне зәру.
Жүніне қарай матасы, Теміріне қарай балтасы.
Шошқаға алтын жапсаң да-шошқа.
Жалғыз адам жұмақта да жабығады.
|
|
Иегімен елді жұмсаған.
Үй ішінің кикілжіңіне ит те килікпейді.
Ол "Батыс" десе, сен "Шығыс" деп ұқ.
Қайық ұрлағанды қырдан іздеме.
Жел-жетпіс аурудың басы.
Қыр гүлінің қырда гүлдегені игі.
Жеңілістің де жеңіс болатын кезі бар.
Адырна да үзілді, Ататын оқ та таусылды. Періштеден де бес мін табылар.
Қойнына кірген құсты мерген де атпайды.
Бұрынғы-бүгінгінің айнасы.
Өзімшіл өмір бойы өкініште.
Адам әрекетсіз болмаса, Ауру да жабыспайды.
Құманы сәнді болса, Шайы да дәмді.
Өмірдегі игіліктің ізгісі-ұзақ жасау.
Шарап ішпеген шайқалақтамайды.
|
|
Қайырымды жүрек қартаймайды.
Елге бергенің елде кетпейді.
Әйел-үйдің тірегі.
Қашырдың нарқында қасқырдың жұмсағы не?
Бал жинаған бармағын жалар.
Аз ақыл-азап.
Бір түннің мың ұрысы бар.
Әділетсізге атқан оғың-әділет.
Иттің етін ит жемес.
Екі құдайға бірдей табынған-дінсіз.
Болымсыз ақыл бұра тартар.
Ақыл деген алтын тәж, Әр басқа қона бермейді.
Жүректіге жүзі де бір, мыңы да бір.
Құрсағыңды үсті-үстіне сіміруге үйретпе, Ал бойыңды қос-қабаттап киінуге үйретпе.
|
|
Пышақ қанша өткір болғанымен, Өз сабын жона алмас.
Аш-албырт, Тоқ-бейғам.
Қос қылыш бір қынға сыймас.
Барында-мыс, Жоғында алтын.
Серт бұзылса- Қылыш қанға боялады.
Балықтың өзі суда, Көзі сыртта.
|
|
Қалам жазбайды, ақыл жазады.
Тақсырдың достығы- Қасқырдың достығы.
Сорға тойған, Суға қанған.
Етектен кесіп, иінін бүтіндеп.
Біреуге деп құйылған құймақ, Біреуге кеп бұйырған құймақ.
Сайтан қартайса, сопы болар.
Ағаш айғайға құламайды.
Бишікеш қатынның үйі бықсық.
Сен жылама "Бұл жігітке бардым" деп, Ол жыласын "Бір пәлеге қалдым" деп.
Қызыл етік те қысады.
Ақыл көптің азығы.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Қолы шебердің қары талмайды.
Естіге екі сөз де жетеді.
Иесі жоқ болса, есік те жылайды.
Төренің иті де төреше үреді.
Шалқақтаған қыз шашына ақ түскенше отырады.
Төбеде тұрсаң да-танауыңды шүйірме, Төменде тұрсаң да-тізе бүгіп, иілме.
|
|
Әділ сөз ащы болады.
Әділ сөз ірі көрінеді.
Малы көптің қайғысы көп.
Дәулеті бардың қолы ұзын.
Тоқ адам таңдап жейді, аш адам тамағынан өткенін жейді.
|
|
Құлан өз қағынан жерімейді.
Қошқар болар қозының маңдайы дөң болар, Адам болар жігіттің маңдайы кең болар.
Бай болайын деген жігіт айырбасшыл келеді, Адам болар жігіт қарындасшыл келеді.
Атың жақсы болса-қанатың, Ағайының жақсы болса-санатың.
Жорғаның қадірін желгенде біледі, Жақсының қадірін өлгенде біледі.
Жыласуға жақын жақсы, Сыйласуға жат жақсы.
Тіріде сыйласпаған, өліде жыласпайды.
Өз өлтірмес, жат жарылқамас.
Өзім деген өзекке теппес.
|
Ұятсыз адам иттен де жаман. (С.Сарайи)
Өлімнен ұят күшті. («Орхон жазу ескерткіші») Арсыз-адамның қоры. (Ю. Баласағұни)
Бар бәледен ұят сақтайды. Барлық жақсы істің байламы да ұятта. (Ю. Баласағұни)
Бұл жалғанды бұзатын-арсыз адам. (Ю. Баласағұни)
Ұяты бармен-ұрыс, Ұятсызбен-ұстаспа. (М. Қашқари)
Опасызда ұят жоқ, Ұятсызда опа жоқ. (Ә. Науаи)
Маңайлама ар-ұяттан безгенге, Мыңдап алғыс инабатты сезгенге. (Ю. Баласағұни)
Пәле-жала жолын ұят кеседі, Ұятсыздық-ердің емсіз кеселі. Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп, Жарасады қуанышқа көрік боп. Адал ар мен ақ көңіл де еленер- Екі жалған бақытына бөленер. (Ю. Баласағұни)
Ұят-жаман ойдың жүгені. (Ю. Баласағұни)
Көп сөзден ұял-тек отыр. (Ш. Сүлеймен)
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Еліңді білмесең, Өмірді білмейсің.
Жалғыз адам тасты да қозғай алмас, Көп жабылса, тауыңнан із де қалмас.
Әр жемістің айтулы мезгілі бар.
Бөпең тумай тұрып, бесігін әзірлеме.
Тамшы да теңізге сеп.
Ойнамаған- Ұтылам деп ойламаған.
Сатып алар арзанды Бай емеспін мал-жанды.
Шідерлеуді ат шетке шықпас.
Дертіне қарай дәрісі.
Қитыққан-күн шықса да көрмейді.
Көрші көршіге сүйенер.
Үйірдегі жылқылар Бөрінің өзін жұлқылар.
Атына ашуланып арсылдаған Арбасының арысын қамшылаған.
Тамақтан сорламайсың, Арақтан сорлайсың.
|
|
Көргенді көгершін әке-шешесінен үш бұтақ төмен бұтақтайды.
Қайырымдылыққа қанжар қарсы сілтенбес.
Ғашықтықтан аштық күшті.
Ақшалы болса ақымақ та төре.
Кішіпейілдік-кемеңгерліктің көркі.
Сырттан баққанның сегіз көзі бар.
Тымырайған мысық тышқанды көп ұстайды.
Осал жауды қор тұтпа. Жағалы жаудан қорықпа.
Сыйға бергенді сынамас болар.
Құлағын басып алып қоңырау ұрлағандай.
Ит болсаң, үлкен үйдің иті бол.
Удың да дәрі болар кезі бар.
Даруы күшті дәрінің дәмі кермек.
Әлсіздің де әлі бар.
Қынабынан қылыш суырмай-ақ даңқы шыққан батыр.
|
|
Жаңа жеңеді, ескі өледі.
Заманы бірдің талабы бір.
Аяғың талмай, тамағың тоймайды.
Иттің тойған жері бар, Туған жері жоқ.
Қыңырдың күлкісі де қыңыр.
Ісі іске ұсамайды, Істен қолы босамайды.
Айлы түн адаспасқа жақсы.
Уақыты жетпесе, Ұсынған қолың да жетпейді.
Иттің баласы енесінің Құрсағында жатып-ақ үреді.
Атасы бұлан атпағанның Баласы қабылан ата алмас.
Еңбек ете білмеген иелік ете білмейді.
|
|
Көп жүрген көгерер, көл аққан жерге нұр кірер. Кеңеспен кескен бармақ ауырмайды. Ел ұстама, ел ұстасаң, кек ұстама. Ақымаққа жалбаң қылма малы бар деп, Есекті тұлпар деме жалы бар деп.
| |