Жалғасы...Адам өтеді, игі аты қалады. (М. Қашқари.)
Ер қанша көтерілсе-қамы сонша көбейер, Басы қанша үлкейсе-сонша үлкен бөрік киер. (Ю. Баласағұни.)
Төле би төрде өледі, Ит ошақтың басында өледі. («Алтын шежіре».)
Тірі өледі, жер қойыны-жатағы, Ізі қалар болса жақсы атағы. (Ю. Баласағұни.)
Туа біте таңылған жаман ат, өле-өлгенше қалмайды. (С. Сарайи.)
Жақсы атың «мәңгіге қалсын» десең, сүрінгенді сүйеп қал. (С. Сарайи.)
Жақсы атақ алғаннан басқа жақсы іс жоқ. (Рашид-әд-дин.)
|
Адам өз атын кісілікпен көтереді. (Ю. Баласағұни.)Атың өтімді болса, өмірің татымды болады. (Ю. Баласағұни.)Жақсы аты қалған ер өлмейді. (С. Сарайи.)Екі атақ дүниеде құрған сәулет:Олардың бірі-бедел, бірі–дәулет.Мың жасап, бар атақты ап көргенде-Хал бөтен бір күн өлім тап бергенде. (Ю. Баласағұни.)Көтерілсең-құр салтанат құрмағын,Төмендесең-текке қарап тұрмағын. (Б. Баласағұни.)
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Жалғасы...Адам сөйлескеншеЖылқы кісінескенше.Бұрынғының кісісі-Бүгінгінің кішісі.Тау тауға қосылмас,Адам адамға қосылады.Болған кісі болдым демес,Болдым десе болғаны емес.Ай толғанын білмес,Жігіт болғанын білмес.Дүниеде тас қатты,
...
Толығымен (Подробнее)»
|
 Қанша жуан болса да, Жалғыз ағаш үй болмас,Қанша жақсы болса да,Жалғыз жігіт би болмас.Жалғыз аттың пайдасы көп,Жалғыз жігіттің айласы көп.Отай үй, оңаша бас.Жалғыз атты жарыстан қалмас.Жалғыз ағаш пана болмас,Жалғыз бие саба болмас.Жалғызды
...
Толығымен (Подробнее)»
|
 Жалғасы...Бір қатын ойнаймын деп доңғалақпенШабаққа оралыпты қаңғалақтап.Мөлдір сулы бастаудыңЖолын қау шөп баспайды.Жақсыны жаман бұзады.Тұңғиық су лайланбас.Табақ тартқанға танауыңды шүйірме.Мұң батса, жүрек зарланар,Есті де мәңгіп сандалар.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Оқу-білім азығы, Білім-ырыс қазығы.
Жігіттің екі өнері бар: Атқанда-жыққан, ашқанда-оқыған.
Жақындықты ат айырады, Оқымағанды хат айырады.
Оқу түбі-тоқу. Оқымаған бір бала, Оқаса екі бала.
Оқығанның беті жарық, Оқымағанның беті көн-шарық. Оқу-білім бұлағы, Білім-өмір шырағы.
Шәр кітапты оқысаң, Әр кітапты оқырсың.
Оқы да біл, Ойна да күл.
Ойна, бірақ жұмысты да ойла!
Тұмсықтының тамағы, Шоқуменен табылар, Өнер-білім дегенің, Оқуменен табылар.
Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
Дария жанынан құдық қазба.
Жалғасы бар...
|
|
Құлағыңа сыбырлаған кеңестің құны жоқ.
Көзі жоқты кінәлау-көптің әдеті.
Суайттықты сүймесең, Сұрақ қойма суайтқа.
Ұзақ емексіткенше, оқыс түңілт.
Досыңнан айырылғың келмесе, Доғал әзіліңді доғар.
Адал адамның ақталуы-ағаттық.
Ары таза-айылын жимас.
Несиеге пұл алған ұмытса да, Берген ұмытпайды.
Арыстанның құйрығы болма, Арлан иттің басы бол.
Таза су әкелгеніңше, суыңды төкпей тұра тұр.
Аян дұшпаныңнан аяр дос-жарың сорақы.
Жырақтан жылытқан от жақыннан қариды.
Әдемі әңгімені қайталап айтқанның айыбы жоқ.
Сиыр сатсаң-сүтін де сатқаның.
Жақсы тілек тілесең, Жасамыстан сұра.
Демеушің болса, демікпей-ақ жүзерсің.
Әмірші есірсе, әлеумет сорлайды.
|
|
Сумен ойнама, батарсың. Отпен ойнама, жанарсың.
Асырауын тапса, адам болар, Оқуын тапса, білім қонар.
Ұялған сыбағасынан құр қалар.
Атпаз көрген ат таныр, Ұстаз көрген хат таныр.
Жасыңда қалжың болсаң; Өскенде мылжың боларсың.
Қызды асырай алмаған, Күң етеді, Ұлды асырай алмаған Құл етеді.
Алмақтың да салмағы бар.
Бәлелі жерді баспа, Басыңа түссе саспа.
Тар жерде табысқан, Кең жерде көріседі.
Талап-талмас қанат. Адамдықтың белгісі- Иіліп сәлем бергені, Шын достықтың белгісі- Көп кешікпей келгені.
Жау төнгенде, батыр бол, Дау төнгенде, ақыл бол.
Көп тыңда, аз сөйле.
Көргенді көнеден сұра, Көне білмесе, көп көргеннен сұра.
Мал сақтама, ар сақта.
Жығылып жатып, сүрінгенге күлме.
Білмеген жердің ой-шыңқыры көп.
|
|
Жеңешем білді дегенше, Жержүзі білді десеңші.
Ат өлімі-итке той.
Найзаның орны ұрыста.
Сатылмас атқа құн жетпес.
Еркелеткенді ит те сезер.
Көрмеген жерің-кең бейіш.
Бір күн бұрын ексең,
Бір апта бұрын орасың.
Білімнен асар байлық жоқ.
Монша тәнді сауықтырады,
Жақсы сөз жанды сауықтырады.
Тау толғатып тышқан тапты.
Оңды бұйым өзін-өзі өткізер.
Суға кеткен сусын сұрамайды.
Өзгенің сөзіне сенгенше, Өзіңнің көзіңе сен.
Жауыққан дос жаудан бетер.
Досыңды үш сынама, Үш жыл сына.
Жалғыз ара балға жарытпас.
Баланы таба білсең,
Баға да біл.
Торқа кигізсең,
Томар да әдемі.
Теңгенің күші тиында.
Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
|
Ананың тізесіне сүйенген сәби тезірек өседі.
Тұзсыз етте шіриді, Жұмыссыз ер де жүнжиді.
Әр қасіреттің өз жұбанышы бар, Әр аурудың өз дәрісі бар.
Жылтыраған сырты бар, Бұршағының құрты бар.
Орманға сен қалай қарасаң, Орман да саған солай қарайды.
Аңшы итін мақтайды, Балықшы таңды жақтайды.
Төсенішіңді қалай салсаң, Түсіңді де солай көрерсің.
Жасамыс махаббаттың жалыны өшпейді.
Өз баласын махаббаты ананың Тұңғиықтың түбінен де табады.
Жылы сөз салқын судан да жақсы сергітеді.
Уайым ұйқыңнан айырады, Күйік сұрқыңнан айырады.
Қуаныш пен күйік-кіндіктес.
Абай болу-ақылдылықтың арнасы.
Тары жоқта тауық өспейді.
Қарыны ашқанның қарымы үлкен.
Аштың саусағынан сары май ақпас.
Қонақ болып қандырсаң құмарыңды, Есте сақта есіктен шығарыңды.
Адам араққа жүгірмесе, Арақ адамға жүгірмес.
Сақал-қарттың сәні.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Құлағыңа сыбырлаған кеңестің құны жоқ.
Көзі жоқты кінәлау-көптің әдеті.
Суайттықты сүймесең, Сұрақ қойма суайтқа.
Ұзақ емексіткенше, оқыс түңілт.
Досыңнан айырылғың келмесе, Доғал әзіліңді доғар.
Адал адамның ақталуы-ағаттық.
Ары таза-айылын жимас.
Несиеге пұл алған ұмытса да, Берген ұмытпайды.
Арыстанның құйрығы болма, Арлан иттің басы бол.
Таза су әкелгенше, Суыңды төкпей тұра тұр.
Аян дұшпаныңнан аяр дос-жарың сорақы.
Жырақтан жылытқан от жақыннан қариды.
Әдемі әңгімені қайталап Айтқанның айыбы жоқ.
Сиыр сатсаң-сүтің де сатқаның.
Жақсы кеңес тілесең, Жасамыстан сұра.
Демеушің болса, демікпей-ақ жүзерсің.
Әмірші есірсе, әлеумет сорлайды.
|
|
Ақылдан айырылғанша, аяқтан айрыл.
Періште боп келіп, пері құсап қайтты.
Тіл-жүректің тілмәші.
Жарлы-пақыр жарты әлемді алып жатыр.
Жалдамалы әскер жанын сала соғыспайды.
Кереңді мылқау ұғады.
Жаздың кілемі-жалпақ.
Қолы жоққа найза не керек?
Алтын тасыған атанның да жейтіні-ала бота.
Жалғасы бар…
|
|
Қызымның құлағына алтын сырға.
Ұлық болсаң кішік бол.
Тауындағы түлкіні Табындағы таза алады.
Тауда туған құлынның, Екі көзі таста болар; Ашаршылықта туған баланың, Екі көзі аста болар.
Бір елі ауызға, екі елі қақпақ. Ғалым алдында аузыңды тый.
Қайтып кірер есікті, қатты жаппа.
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Өтірікші алдымен өзін алдар.
Тек жүрсең, тоқ жүрерсің.
Алдыңғы арба қайдан жүрсе, Соңғы арба сонан жүрер.
Ел алғысын алсаң, Елеулісі боларсың.
Ұлың өссе, Ұлықтымен ауыл бол. Қызың өссе, Қылықтымен ауыл бол.
Әдет-әдет емес, жөн-әдет.
Тең теңімен-тезек қабымен. Жалғасы бар…
|
Бір тал кессең, Он тал ек.
Наданға қор болған есіл сөзім, Өлікке жылаған есіл көзім.
Оқығанның асығы алшысынан түседі.
Қисық көшемен өтсең де, түзу жүр.
Қырқында қолына қобыз алған, Қияметте құлақ күйін әзер келтірер.
Әр гүлдің иісі әр басқа.
Аш қарынға ащы пияз жегендей.
Бірде үлкенді тыңдасаң, Бірде кішіні тыңда.
Сараңның бағы көгермес.
Залымның орны-жәһаннам.
Көктемгі әрекет- Күздегі берекет.
Жаңбыр-егіншінің жаны.
Көкке қарама, көпке қара.
Өнер түбінде өнер бар.
Ақыл өлшемі-парасат.
Ай түнде керек, Ақыл күнде керек.
Адамның жүзі аптаптан ыстық.
Тесік құлақ естімей қалмас.
Перзент-белге қуат.
Ердің уәзірі-әйелі.
Тентекке тілмәш не керек?!
Источник фото:
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Заманың түлкі болса, Тазы боп шал.
Жасы бір құрдас емес, Заманы бір құрдас.
Заманына қарай амалы.
Заманына қарай күлкісі, Тауына қарай түлкісі.
Келме кезек, терме тезек.
Адамды заманы билейді.
Заманың қалай болса, Бөркіңді солай ки.
Заманы бірдің амалы бір.
Барар жерің Балқан тау, Ол да біздің көрген тау.
Балапан басына Тұрымтай тұсына.
| |