Воскресенье, 07.12.2025, 06:36
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 25
Гостей: 25
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Мақал-мәтелдер
« 1 2 3 4 ... 6 7 »
Малды бақсаң, қойды бақ,
Май кетпейді шарадан;
Ит асырасаң сырттаннан,
Қой бермейді қорадан.

Ала қойды бөле қырыққан,
Жүнге жарымайды.

Семіздікті қой көтерер.

Арық қой тырысқақ,
Аш адам ұрысқақ.

Қасқырдың ойлағаны-арамдық,
Қойдың ойлағаны-амандық.

Қой егіз тапса,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 1819 | Добавил: модератор | Дата: 13.08.2013

Ас иесімен тәтті,
Табағымен жақсы.

Қазаныңа не салсаң,
Шөмішіңе сол ілінер.

Жазғы етте жасық жоқ,
Қымыз аста қасық жоқ.

Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.

Пышағы бар сүйгенін жер,
Пышағы жоқ тигенін жер.

Аты бардың тынысы бар,
Асы бардың ырысы бар.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 1580 | Добавил: модератор | Дата: 31.07.2013

Атаңа не қылсаң
Алдыңа сол келер.

Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі,
Балаңды жұрт мақтаса
Бәрінен де сол сүйегі.

Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.

Үлкен бастар,
Кіші қостар.

Атадан бала туар,
Атасының жолын қуар.

Жас-кәрінің көзі, ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 1911 | Добавил: модератор | Дата: 28.06.2013

Қасықтың сыбағасы қарымына қарай.

Найза жеңбегенді нан жеңеді.

Солақай қол оңнан соқса, оңдырмай соғады.

Жат жұрттық жалғыз жылайды.

Жалқаулық дерт жапсырар,
Еңбек-жанды асырар.


Тат-темірдің соры,
Шер-көңілдің соры.

Тіс ауырса, жұлдыруын күш емес,
Қайта ауырса, ендігісі тіс емес. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 851 | Добавил: модератор | Дата: 17.06.2013

Олай тартсаң, өгіз өледі,
Бұлай тартсаң, арба сынады.

Жорға мінген,
Жолдасынан айрылады,
Көп жасаған,
Құрдасынан айрылады.

Кебін киген келмейді,
Кебенек киген келеді.

Күн жауса тондыны ұрар.

Қарнымның ашқанына жыламаймын,
Кәдірімнің қашқанына жылаймын.

Өзім білем деген, өрге баспас. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 895 | Добавил: модератор | Дата: 06.06.2013

Ердің айнасы-еңбегі.

Олақ өзгеге сенсе,
Өнерлі өзіне сенеді.

Алтын балта да ағаш шабар.

Босқынның босағасы аласа.

Ауылдың тоқтығы түтінімен белгелі.

Шынайы гүлдің шын бағасын бұлбұл ғана біледі.

Ат таңдауға жасты жібер,
Қыз таңдауға қартты жібер.

Ор қазғанша қасыңа,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 949 | Добавил: модератор | Дата: 22.05.2013

Малайға маза жоқ.

Үй іші даусыз болмас,
Орман іші аңсыз болмас.

Бар дәміңді басқаның дастарқанында жеме.

Жазушыға қарама,
Жазғанына қара.

Алмұрт піспесе,
Жұлуың қиын.
Қитұрқы істі
Ұғуың қиын.

Үй бақшаның ішінде,
Бақша таудың үстінде.

< ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 948 | Добавил: модератор | Дата: 13.05.2013

Күншілдің күні қараң.

Өлінің өсиеті өзімен бірге кетер.

Ашулы баста ақыл тұрмайды.

Тұлпар дүлділдігімен,
Адам білгірлігімен.

Әр аурудың дәрісі бар,
Табудың да мәнісі бар.

Есектің өзінен жабуы үлкен.

Сиыр су ішеді-сүтін береді.
Жылан су ішеді-уын береді.

... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 787 | Добавил: модератор | Дата: 02.05.2013

Өгіз мүйізінен тұтылар,
Адам сөзінен ұтылар.

Ақылды ақырында сөйлер.

Еліне ұнамаған ержете алмас.

Малды күтетініміз де бар,
Жүнді түтетініміз де бар.

Уақытында есептемеген ұтылады.

Бір таққа екі патша сыймайды.

Кедейдің еті болса, оты жанбас,
Оты жанса, еті болмас.

... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 824 | Добавил: модератор | Дата: 18.04.2013

Сыпырғы келсе шаң қашар.

Еңбегің сайлы болса,
Ішің майлы болар.

Орайы келсе орақ ор.
Кезі келсе кетпен шап.

Адал еңбек елге жеткізер,
Арам құлық елден кеткізер.

Ақысын берсе, боқысын шығарар.

Ерікшектің ісі-екі.

Жұмыстың жаманы жоқ.

Ез, езден б ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 979 | Добавил: модератор | Дата: 09.04.2013

Келген дәулет,
Кеткен бейнет.

Етікті нәл сақтайды,
Жігітті әл сақтайды.

Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.

Қолы қимылдағанның,
Аузы қимылдар.

Еңбегіне қарай өнбегі.

Киіз кімдікі болса,
Білек сонікі.

Ерте тұрған жігіттің
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 1298 | Добавил: модератор | Дата: 29.03.2013

Мал иесінің көзімен су ішеді.

Таудан арқасы болғанның
Тастан жүрегі болар.

Арпасы бар ат арымас.

Түйенің өзі қырда
Көзі сорда.

Ақыры жоқтың жақыны жоқ.

Өзін-өзі түсінген-кемеңгер.

Жақсы әйел мен жақсы ат
Күлмей тұрып күлдірер.
Жаман әйел мен, жаман ат
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 1004 | Добавил: модератор | Дата: 17.03.2013

Тату үйде тақсірет жоламас.

Қамбаға толса,
Қалтада да болады.

Ақыл мен ар, абырой
Азаматтың жаны ғой.

Өтірікті көп айтқан өле-өлгенше қарғанады.

Қисық жолдың қиыры көрінбейді.

Жақ келсе де, жалқау күнге тотықпас.

Меңдеген дертті емдеу қиын.

Жалпақ жұртқа жаратқан да жақпайды. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 890 | Добавил: модератор | Дата: 23.02.2013

Опық жесең өкіне біл.

Жалқау отырып ұйықтайды,
Жантая жатып жұмыс істейді.

Тастан бал шықпас,
Езден мән шықпас.

Қу түлкіні күшікпен шалдырмайды.

Күн ұзақ болғанмен-ғұмыр қысқа.

Қаршыға бітімді,
Қарға үнді.

Сүймеген соң-жуыспа,
Хош көрмесең-жұғыспа.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 861 | Добавил: модератор | Дата: 14.02.2013

Буының қатпай, білім ал.

Әкем жорығын айтса,
Шешем шығынын айтады.

Тістің сырын тіл білер.

Пайдадан кекірік азбас.

Құдайдан тана сұрасаң,
Бала береді.

Көрінгенге таңқалсаң,
Көп те саған таңданар.

Қымбат та болса-асылы,
Арзан да болса-жасығы.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 821 | Добавил: модератор | Дата: 04.02.2013

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz