Сұрақ: Мен сыртттай оқып, жұмыс істеймін. Мемлекеттік қызметтемін, бірақ оқуым жұмысыма қатысты емес. Маған сессиям төленуі тиіс пе? (Жазира)
Жауап: Қандай да болсын төлемдер мен компенсациялар еңбек және ұжымдық шарттарымен қарастырылуы тиіс. Егер де сіздің оқитын мамандығыңыз жұмысқа қабылданған мамандығыңызға сәйкес болған жағдайда, сессия толық төленеді. Жұмысқа орналасу кезінде барлығын да жұмыс берушімен келісуіңіз тиіс. Сессияңыз төленсін десеңіз ҚР Еңбек кодексінің 144 бабына сәйкес сіз жұмыс берушіңізбен нақты оқыту шартын жасасуыңыз тиістісіз.
Юрист Адина А.
|