Менің еңбек шартымның мерзімі өтті, соған байланысты жұмыс беруші мені жұмыстан шығарып тастады. Алайда дәл сол кезде больничныйда болғанмын. Жұмыс беруші мені больничный кезінде жұмыстан шығаруына құқығы бар ма? (Зарина)
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 55 бабына сәйкес жұмыс берушінің бастамасымен жеке еңбек шартын қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз және жыл сайынғы еңбек демалысында болған кезде бұзуға жол берiлмейдi. Соған сәйкес, Сіздің жағдайыңызда жұмыс беруші сізбен еңбек шартын бұзуына еш құқығы жоқ деген сөз. Алайда, уақытша еңбекке жарамсыздықтан кейін жұмыс беруші Сізбен еңбек қатынастарын бұзуына құқығы пайда болады. Юрист Адина А.
|