Воскресенье, 07.12.2025, 07:57
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Март » 07 » Наурыз саздары
Наурыз саздары
17:46
Жыл басы Наурыз әр отбасына береке-бірлік, денсаулық, молшылық, елімізге тұрақтылық әкелсін дей отырып, бүгінгі айдарымызда осы мезгілдің тынысына орай жазылған туындыларды назарларыңызға ұсынбақпыз. Оның біріншісі әйгілі ақын А. Нұрбаевтың қызы Гүлнәрға арналған өлеңі, екіншісі-жас талапкер ақын М. Төктебайұлынікі.

А. Нұрбаев
"Сегіз аяқ"
(Қызым Гүлнәрға арнаймын)
Келтіріп сазын,
Толтырып назын,
Көңілдің көркін басқандай.
Құйқылжып барып,
Құйылып талып,
Төгілтіп маржан шашқандай.
Тіл менен жақтың арасы-
Сиқырлы үннің сабасы.

Шарықтап шалқып,
Дірілдеп қалқып,
Қанатын желге қақтырмай.
Мамырлай кейде,
Түскендей бейне,
Көлге қонған аққудай.
Ериді денең, балқиды
Қиялдар билеп әр қилы!

Жаңбыры, қары,
Мұңы мен зары,
Күлкісі, назы аралас.
«Біргенге маржан,
Білмеске арзан».
Қажетіне жарамас.
Айналайын асқақ ән,
Алқалы топты бастаған.

Қисыны қиын,
Қиылған түйін
Тоқсан сөздің тобықтай.
Басылмас қыры,
Ашылмас сыры,
Айтушысы жолықпай.
«Толғауы тоқсан тілі бар»
Осы бір әнді ұғып ал!

Үзілген сайын,
Үркердей айың.
Таусылар тағат, сабырың.
Шымырлап иіп,
Сыбырлап ұйып,
Алпыс екі тамырың.
«Құлақтан кіріп бойды алған»
Осындай кімнен ән қалған?!

Айтушы ек бір күн,
Сүюші ек шіркін,
Абайдың сегіз аяғын.
Қалды ма енді,
Айтуға жөнді
Баяғы дауыс, баяғы үн.
Сұрама, мейлі, сұраңыз,
Абайдан қалған мұрамыз.

Ұйытып көпті,
Құйылтып епті.
Ән салу деген бір дарын.
«Домбыра сазы-
Жақсы әннің жазы»
Деген сөз бар Гүлнәрім,
Келгендей Абай қайта бір,
Осы әнін оның айта жүр!..

М. Төктебайұлы
"Аңсаумен жүрмін өзіңді"

Сәулежан, алғашқы кез жүрдің тұйық,
Көрсем болды, қараймын ішім ұйып,
Білмеймін неге екенін, айтуға ұят,-
Қарасам қалатындай көзім тиіп.

Болады жолдың ұзын, қысқасы да,
Айтпағымның жай әншейін нұсқасы да,
Ала кепсің кең дала таза ауасын,-
Түсті есіме жайлауы, басқасы да.

Сезімнің кәрі-жасы болмайды екен,
Құнттаса еккен гүлің солмайды екен.
Өзіңе қарап тұрып қысыламын,-
"Мұндайда қай періштем қолдайды екен?"

Тұрған бойың мап-майда инабатты,
Көрінесің өзіме қиын тәтті,
Үрке қарап, жүз тайдырып жүрген едің,-
Өзіңменен тілдесер таптым сәтті.

Алғашқы сөзім еді, айып етпе,
Неде болса айтып қалдым тура бетке,
"Күліп-ойнап жүргенге бұл жалғанда,-
-Не жетсін",-дейді ақын қалың көпке.

Ойлаймын, сақтамассың бұған өкпе,
Еш нәрсе жазылмайды тектен текке.
Ақылың сезіліп тұр ажарыңнан,-
Сондықтан, айналайын, қатты сөкпе.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 954 | Добавил: модератор | Рейтинг: 5.0/4 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Март 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz