Қорқақ қу
Үш адам жолаушы келе жатып далаға түнейтін болады. Жапан дала, түн тастай қараңғы. Жолаушылардың екеуі өздерінің қорқақ екендіктерін білдіреді. Сонда үшінші қорқақ та болса қу жолаушы тұрып: -Қорықсаңдар, бірің оң жағыма, бірің сол жағыма жатыңдар,-депті.
Шіңи дегенің шиқа май ғой
Ертеде бір байдың екі қатыны бар екен. Тоқалы сақау, аңқау екен де, бәйбішесі қатал, қу екен. Тоқалды тамақтан қағып күн бермейді екен. Бай тоқалын аяп, бір күні ет турап отырып, оған: -Мына бір сіңірді шайнап тасташы!-деп, бір жапырақ майлы етті лақтырып жібереді. Тоқал байдың қулығын түсінбей: -Шіңи-шіңи дегенің шиқа май ғой!-депті.
|