-Қыстыгүні жуылған кірді үйде кептіретініміз рас. Ол да өз кезегінде үйдің қабырғаларының көгеруіне, зәктенуге соқтырады. Негізі, бөлме температурасының бір қалыпты болғаны дұрыс.-Үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде қабырға сылағына негізінен цемент пен әкті көбірек қолданған дұрыс. Мұндай құрам булануға, суға өте төзімді келеді, қабырғаның көгеруіне жол бермейді.-Егер бөлме қабырғалары зәктеніп, көгеріп кеткен болса, оны тез арада тазалап тастау керек. Ол үшін қабырғаның бүлінген тұсын толықтай қырып, содан кейін кір жуатын ұнтақ қосылған сумен жуған дұрыс.-Сондай-ақ көгерген жерді ас содасы мен сірке суының көмегімен тазартуға да болады. Ол үшін зәктенген жерге сода сеуіп, үстіне сірке суын бүркейді. Бұл қоспа көпіршіп, түтіндеген кезде зәктенген жерді темір щеткамен ысқылап, содан кейін тазалап жу
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Қыста кейбір үйлердің қабырғалары көгеріп кететіні бар. Ондайда үйден зәктің иісі шығып, ол адамға жайсыз әсер етеді. Үй қабырғалары көгеріп кетпес үшін төмендегі кеңестерге назар аударыңыз.-Ең алдымен бөлмеде ылғалдың көбейіп кетпейуіне жағдай жасаңыз. Ол үшін есік-терезелерді ашып, бөлмені жиі желдетіп тұрыңыз.-Содан кейін жиһаздарды дұрыс орналастыра білу керек. Егер жиһаз қабырғаға тым жақын орналасқан болса, оның артындағы ауа айналымы нашарлайды. Содан кейін ол жер буланып, су тамшыларына айналады. Ал мұндай жердің тез зәктенетіні белгілі.-Бөлмеде гүл өсірген жақсы. Бірақ оларды тым көбейтіп жібермеңіз. Өйткені бөлме гүлдері де «тыныс алады», яғни ылғал бөледі. Үйде әсіресе қураған гүлдің тұруына жол бермеңіз. Ондай гүлдер өзінен зиянды микробтар бөледі. Ал ол өз кезегінде бөлменің зәктенуіне себеп
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Баспа (ангина) қысып ауыра бастағанда лимон шырынының бір бөлігіне екі бөлік қайнаған жылы су құйып, сағат сайын тамақты шайып отыру қажет. Сон соң қабығынан аршылған лимонды жұқалап кесіп, бір тілімін ауызға салып жүру керек. Оны 15-20 минуттан соң жей салыңыз. Осы емдік шараларды жиі-жиі жасап отырсаңыз, бадамша безі (миндалина) асқынбай, тез жазылады.
|
Кейбір шаш бояуларының құрамында балаларға қатерлі заттар бар. Сондықтан бояуларды ашық күйінде балалардың қолы жететін жерге сақтауға болмайды.
Оқымыстылар темекі құрамында өкпені обырға шалдықтыратын компоненттің барын анықтады. Ол темекі күлінде болады екен.
Қалта телефонын кардиостимулятор тігілген адамдарға ұстауға болмайды. Себебі телефон оның жұмысын жылдамдатып, баяулатып немесе мүлде тоқтатып қоюы мүмкін.
Темекі түтіні адамды зағиптыққа соқтыруы мүмкін. Мұндай қорытындыға егде адамдардың зағиптығын тексерумен айналысатын оқымыстылар келіп отыр.
|
Иел университетінің қан тамыры ауруларының маманы, хирург Сампайо «Көк шай адам клеткасындағы залалды заттарды жояды» деген тұжырымға келген.
Британияның бірқатар зерттеулері көк шай ішетін жастар мен жасөспірімдердің тіс ауруы азайғанын анықтаған.
АҚШ-тың биологиялық университетінің ғалымы Джефрей Блумберг «көк шай жүрек-қан тамыры жүйелері мен қатерлі ісік талшықтарына жақсы әсері бар» депті.
Көк шайды салқын күндері жиірек ішу ағзаға тұз, артық май жиналудан сақтайды екен.
|
Көк шай қатерлі ісік ауруының қаупін азайтады. *** Көк шайдың артрит, яғни буынның шор болып қатып қалуы сияқты ауруларға қарсы емдік әсері бар. ** АҚШ-тағы арнайы зерттеу көк шайдың көздің көру қабілетін сақтап, Альцгеймер, Паркинсон дерттеріне қарсы әсерлі ем болатынын растаған. *** Кейбір зерттеулер көк шайдың сүйектің сыну қаупін азайтып, остеопатияның алдын алатынын көрсетті.
|
-Балықтағы амин қышқылдары адам ағзасына сіңімді.-Бұл қышқылдардың құрамында ағзаға аса пайдалы метионин көп.-Балықты қолдану арқылы бауыр ауруларының алдын алуға болады.-Балық белогында бой өсіруге ықпал ететін лизин қышқылы да мол.-Балықпен балаларды азықтандырудың да маңызы зор.-Балық пен сүтті араластырып тағам дайындауға да болады.-Балық пен сүт белоктары қосылған кезде адам ағзасына қажетті ең құнарлы заттар түзеледі.-Балық пен көптеген теңіз жәндіктері семіздікке бейім адамдар үшін пайдалы.-Олардың калориясы аз, бірақ құрамындағы белок деңгейі сиыр еті мен сүзбесіндегімен бірдей, ал жұмыртқадағыдан
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Тері жасушаларын бұзатын бос радикалдарға соққы беретін, ажар-көріктің айбынды қорғаны С дәруменіне ең бай дақыл-осы жаңғақ. Мұның дәнін аптасына ең кемі 3 рет жеп тұрсаңыз, теріңізден нәр де, әр де кетпейді, құрғау, құрысу-тырысу дегенді білмейді, өңіңіз жазы-қысы нәрестенің бетіндей үлбірейді де тұрады.
|
Пияз ауру тудыратын микробтарды жақсы жояды. Ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылығын күшейтетін фитонцидтер пиязға ең алдымен емдік күш береді. Пияз фитонцидтерін баспа, тұмау, маңқа ауруларымен ауырғанда иіскейді. Ол сондай-ақ зиянды микроорганизмдердің көбеюіне кедергі болады. Езілген пияздың шырынын жараны жазатын дәру, сонымен қатар терінің қышып, қабынуына қарсы ем ретінде пайдаланады. Асқар Омарбек Торғай қаласы («Керек кеңестер №17 2012ж»)
|
Бұл үшін көзге үнемі көңіл бөліп жүрген пайдалы көрінеді.Көздің ағы қызарып кетсе, әлденеден уланудан бауырдың зақымданғанын білдіреді.Көздің ағы көгілдір тартса, ағзада кальцийдің жетпейтінін білдіреді. Мұндайда тырнақ сынып, шаш түсе бастайды.Көздің ағы сарғыш тартса, өт жұмысының кінәратын білдіреді.Егер көз ағында қызыл жолақтар байқалса, онда ол қан қысымының жоғарылығының белгісі.Көз қарашығының үстіңгі ағы қызарса, онда асқазанда қабыну белгісі болу мүмкін.Кейде көздің жиектерінде ақшыл көбік жиналып қалады. Ол ағзадағы зат алмасудың бұзылғанынан хабар беретін белгі. Көз асты томпайып ісініп, қоңырқай тартса, онда бүйрегіңізді тексеруден ө
...
Толығымен (Подробнее)»
|
100 г бал алып, бір лимонның шырынымен араластырыңыз. Осы қоспамен дәкеден жасалған майлықтарды дымқылдатыңыз және секпілдер жабылған жерлерге 15-20 минутқа жағыңыз. Табысқа жету үшін үнемі 15-20 маска жағуға болады.
|
Ол-Орта Азия мен Қазақстанда, Кавказда көп өсетін көпжылдық өсімдік. Шиенің түрі өте көп. Шиенің ұсақ тамырын қазып алып, көлеңкеге кептіру керек. Сосын ұнтақтайды. Оның 200 граммын 3 литр суға қайнатып, 1 күн тұндырып қойып сүзеді де, 150 грамм алма сірке суын құйып араластырады. Бұл дәрі буынға тұз тұнғанда, ревматизмге және қант диабетіне жақсы шипа. Шиенің етін кептіріп, компот жасайды. Оны қызылшамен ауырған балаға ішкізіп, аурудың бетін тез қайтарып алады. Мұны ересек адамдар сусын орнына үнемі ішетін болса, асқазан, бауыр, ішек дерттеріне ем табады, жүрегінің жұмысы жақсарады. Сүйегінің ішіндегі дәні улы, шағып жеуге болмайды.
|
Баспа (ангина) көтерілгенде бір күнде жазылатын ежелгі бір ем түрі бар. Ол үшін шырша ағашының сағызын (смоласын) күніне бірнеше рет шайнаса жетіп жатыр.
|
Ішек қызметін жақсарту және іш қатудың алдын-алу үшін таңертең аш қарынға және кешке ұйқы алдында 1-2 апельсин жеңіз. Созылмалы іш қату жағдайында 60 грамм лимон шырынымен 15 грамм ас содасын 1,5 литр жылы суға араластырып ішіңіз де, одан кейін тез арада 4-5 минут шалқалап жатыңыз.
|
Чупа-чупс пен сағыз кәмпиттер Тиын-тебен тұратындықтан оның өтімі де жақсы екені анықталып отыр. Ал оның құрамындағы қант пен химиялық қоспалар ең алдымен тісті, одан кейін асқазан ауруларын қоздырады екен. Біртіндеп бауырды да «отырғызып», әлсіздікке, ішек құрттарына соқтыратыны дәлелденген.
| |