Воскресенье, 07.12.2025, 06:36
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 25
Гостей: 25
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Пайдалы кеңестер
« 1 2 3 4 5 6 »
Бұл жөнінде көп пікірлер бар. Біз құлақ тесу және оның маңыздылығы жайлы халық педагогикасын насихаттаушы ретінде танылған жазушы Зейнеп Ахметова сөзіне құлақ қойған жөн дейміз.
-Қазақта қыз баланың өміріндегі айтулы күн-құлағын тесу. Құлағында сыңғырлаған сырғасы бар қазақ қыздары ерекше сұлу, ерекше әдемі.
-Қыздың құлағын көп жағдайда жеті не тоғыз жаста тескен. Тоғыз жасты балиғатқа толған кез деп айтады екен, ал жеті-қазақ үшін қасиетті санның бірі.
-Құлақ тесу-қыз баланы ісмерлікке, шеберлікке үйретудің басы. Сырғаны таққан қыз біртіндеп үй шаруасына араласа бастайды. Ұл баланы сүндетке отырғызған сияқты, қыздың құлағын тесу де ата-анаға парыз болып саналады.
-Құлақ тесерде алдымен сырғалығының екі жағынан екі тарыны сәйкестендіре қойып, жанын кетіре уқалайды. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 2927 | Добавил: модератор | Дата: 16.06.2012

Дәрігерлік кеңестерсіз, дәрі-дәрмексіз жүрмейміз ғой. Дегенмен кейбір өнімдер құрамында, мамандардың айтуынша, олардың көп негізі бар. Ойланып-толғанарсыз.
Алма-дәрілерден аспирин орнына жүреді.
Түймедақ шайы және қыша-асқазан жұмысын жақсартады.
Картоп-жан күйзелісіне қарсы өте пайдалы.
Бұршақ-В дәрумені және протеинге қанық. Жүрек мазалауына қарсы өте әсерлі.
Кебек-асқазан ауруын жазады, қатерлі ісік ауруы қаупінің алдын алады.
Шие-күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.
Пияз және сарымсақ-инфекцияларды жояды.
Жалбыз-асқазанның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, нәжіс бөлгізеді, тұмау және асқазан ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 1166 | Добавил: модератор | Дата: 26.05.2012

Қазір жасы үлкен адамдарда қан қысымының жоғарылуы жиі кездесетін уақыт. Бұл дертпен біздің елімізде әрбір оныншы адам ауырады екен. Жыл өткен сайын жасарып бара жатқан бұл кесел кезінде дұрыс ем қолданбаса, оның соңы жүректің жансыздануына (инфаркт) немесе жүрек қыспасына (стенокардияға) соғуы мүмкін.
Қан қысымы асқынуының жиі кездесетін басты себептері-ми, жүрек және бүйрек сияқты өмірлік маңызды органдардың зақымдануына байланысты. Негізі тонометр бойынша қалыпты қан қысымы 120/80 болуы керек. Егер тонометр тілі одан жоғарыны көрсетіп тұрса, дереу дәрігерге қаралып, денсаулықты түзеуге асығу керек. Реті келгенде айта кетейік, мұндай дерті бар адамдар күн ыстық кезде жоғары температурадағы моншаға түсулеріне, спиртті ішімдік ішулеріне мүлдем болмайды. Оның алдын-алу үшін артық салмақ қоспауға тырысқан жөн. Тұзды аз мөлшерде қолданған дұрыс. Жұмыс істеу және демалу тәртібін сақта ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 1434 | Добавил: модератор | Дата: 05.05.2012

  Білікті кісілердің пікірінше грек жаңғағы (орех грецкий) Халық медицинасында одан жасалған препараттарды ішкі жараларға, мешелге, сары ауруларға, ішек құртына, қанның азаюына, қарын мен ішек қабынуына және іш өтуге қарсы пайдаланады. Сонымен қатар ол зат алмасуының бұзылуы салдарынан пайда болатын созылмалы буын ісігіне, теміреткі сияқты кейбір тері ауруларына, витамин жетімсіздігіне таптырмайтын ем. Ол ішек құртының түсуін де тездетеді.
  Грек жаңғағының жапырақтарынан туберулездің түрлі формулаларын емдейтін карион препараты жасалады.
  Сондай-ақ, оның қайнатындысымен сары ауруды, етеккірдің мезгілінде келуін, бұзылуын, мешелді емдеуге болады.
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 977 | Добавил: модератор | Дата: 22.04.2012

Жалғасы...
6.Суық қабақ, қаталдық таныту-ең жаман қасиет. Егер Сіздің біртоға тұрмысыңызға белгілі бір дәрежеде оншалықты кедергі ете қоймаса немесе баланың өміріне тікелей зияны болмаса, онда оның көргені мен естігенін қабылдауын, сезім-түйсігін, қай иісті қалайтын-қаламайтынын, талғам-тұжымын «жөнге саламын» деп әуреге түспеңіз.
7.Мамандардың (тәрбиешілердің, дәрігерлердің) кеңестеріне соншалықты құлдық ұра бермеңіз, баланың өз пікірі болуға тиіс.
8.Ешқашан балаңыздың пәк тәніне дақ түсіруге, қол жұмсауға оқталмаңыз. Егер ондай әрекетке қаталдықпен байқамай бара қалсаңыз, дәлірек айтқанда, ұлыңызға немесе қызыңызға қызбалықпен қолыңыз тиіп кетсе, сол сәтте кешірім сұраңыз. Бірақ қателігіңізді айыпты бір нәрсемен өтеу, уәде беру арқылы жуып-шаюға тырыспаңыз. Әрбір ісіңізге жауаптылықпен қараңыз, өзіңіздің дұрыс емес деп тапқан әрекетіңізді енд ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 1392 | Добавил: модератор | Дата: 08.04.2012

Ішімдікке үйір адамға күн сайын 100-150 грамм бал беріп тұрса, ол ішуін доғарады. Байқасаңыздар омарташылар ешуақытта спиртті ішімдік ішпейді. Себебі бал мен алкоголь бір-бірімен үйлеспейді.
Дат дәрігері Ларсеннің айтуына қарағанда, мас адамға арасына жарты сағат уақыт салып 125 грамм бал беретін болса, мастығы тез тарап кетеді екен. Оның себебі балдың құрамындағы фруктоза алкогольдің белсенділігін төмендетеді. Ежелгі Үндістанда саңырауқұлақтан уланғанда, жылан шаққанда, есірткіге еліткенде, оның бетін балмен қайтаратын болған. Бал қосылған сумен асқазанды шайып тұрған да жақсы.
Б. Қайыртай.
(«Ауырмаңыз» № 16, 8, 2011 ж)
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 1267 | Добавил: модератор | Дата: 28.03.2012

Шаш топталып түсіп тазданғанда, ең бірінші дұрыс тамақтану керек. Бұл кезде тым ащы, тым тәтті тағамдарды қолданбаған жөн. Мейлінше етті көп жеу керек. Өйткені етте белок көп. Одан кейін ақты (айран, сүт) көп ішкен де пайдалы. Және жеміс-жидектерді соның ішінде: банан, алма, мандаринді көп жеген дұрыс.
Құрамында А, С, Е дәрумендері бар тағамдарды тұтыну қажет. Бұл дәрумендер шаштың жақсы өсуіне көмектесіп, қуат береді.
Ж. Ерғалиева
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 1050 | Добавил: модератор | Дата: 14.03.2012

Адамның жаттап алғанының бәрі мәңгі есінде сақталып қалмайды, көбі ұмытылады. Әрбір адам ұмытшақтыққа қарсы күресу үшін мынандай негізгі ережелерді есінде сақтағаны жөн.
1. Ұмытшақтықпен күрестегі негізгі әдіс-қайталап отыру. Адам жаттап алғанын, оқығанын, білімін қайталап нығайтып отырмаса, бәрін де бірте-бірте ұмытады.
2. Жатталған нәрсе бастапқы кезде тез ұмытылады. Сол себепті оны 5 және 10 күннен кейін қайталап көрсе, бастапқы 5 күнде ұмытылғаны кейінгі бес күнде ұмытылғанынан әдеуір артық болады.
3. Жатталған нәрсені ұмытып кеткен соң қайталау пайдасыз, ұмытпай тұрып қайталау қажет.

"Шипагер"№10 (10), 18 мамыр, 2011жыл
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 1071 | Добавил: модератор | Дата: 09.02.2012

Жүрегіңіз қысса, әрине, ең алдымен ақ желеңді жандардың алдына барасыз алғашында. Дегенмен, бұл науқасты басынан өткеріп жүргендердің айтқандарына құлақ қойған да артық емес.
Мәселен, жүрек ауруына ем болатын жемістің бірі-алма екен. Отқа көмілген алманы үккіштен өткізіп, таңертең  және кешке сөлін ішсе, қан айналымына пайдасы зор.
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 943 | Добавил: модератор | Дата: 31.01.2012

Көптеген дәрілік өсімдіктер ағзаның суыққа қарсы тұру қабілетін арттырып, иммунитетті көтереді. Олай болса, ауырғаныңызды күтпей, осы бастан тұнба дайындап ішіп жүрген жақсы емес пе? Мұндайда сарымсақ пен пияздан артық табиғи ем таппасыңыз анық. Лимон қосылған шай ішіп, бүлдірген тосабы мен қарақат жеудің көмегі көп. 2 ас қасық қызылша шырынына бір лимонның сөлін сығып, үстіне 1 ас қасық итмұрын (шиповник) пен 250 грамм айран құйып, бір апта бойы таңертең және кешке ішіп жүрген адамды суықтан болатын кеселдер мазаламайтын көрінеді.
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 1056 | Добавил: модератор | Дата: 22.01.2012

Жалғасы...
Ақ шаштар
Егде тартқан адамдардың шашына ақ кіруі-табиғи заң.
Жеке ақ шаштар көбінесе 30-40 жастан бастап-ақ көріне бастайды. 60-65 жасқа келгенде әдетте шаштың бәрі ағарады.
Бірақ кейбіреулердің шашы мезгілінен бұрын ағарып кетсе, кейбіреулер әбден қартайғанда да шашы бұрынғы қалпында тұрады. Жас адамдарда шаштың ағаруы көбінесе нерва жүйесінің бұзылуына, эндокрин аппаратының дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты.
Ағарған шаш өзінің бұрынғы түсіне келе алмайды, бірақ В, В1, В2, В6 дәрумендерін қолдану жалпы ағзаны (организмді) нығайтып, шаштың ағаруын шабандатады.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 1480 | Добавил: модератор | Дата: 08.09.2011

Бостондағы Тафт университетінің ғалымдары көру қабілетінің жақсы сақталуы үшін қандай тағамдармен коректенуі қажеттігін зерттепті. Тәжірибеге 55-80 жас аралығындағы 4 мыңнан астам адам қатысқан. Нәтижесінде көздің көру қабілетінің жақсы сақталуына қарақұмық  (гречка) пен қара нан жақсы көмектесетіні анықталған. Мұнан басқа көзге бидайдың қатты сорттарынан жасалған макарон, сұлы жармасы, картоп және басқа көкөністердің де пайдасы бар екені белгілі болды.
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 1145 | Добавил: модератор | Дата: 30.08.2011

Қан қысымын қалыпқа келтіретін өсімдіктердің бірі-қырыққабат (капуста). Қырыққабаттың жапырақтарын тәуліктің кез келген уақытында емге пайдаланса болады. Сонымен қатар қырыққабаттан жасалған тамақтың барлық түрі ағзаға қажетті дәрумендерді береді.

Сәбіздің құнды сырлары
Сәбіз авитаминозды (тағамда дәруменнің жетіспеуінен болатын ауру) жояды, ағзаның тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Шикі сәбіз несепті айдаса, ондағы кобальд тұзы қан қысымын түсіреді, қанның қызыл түйіршіктері (эротроцит) мен гемоглобиннің түзілуіне қатысады. Сәбіздің сары өзегі жүрек бұлшық етінің шаршағанын басады, шырынын жүрек инфарктінде ішуге белгілейді. Сәбіздің тор көздемшелері адам бойында холестериннің шапшаң бөлінуіне мүмкіндік жасайды. Сәбізді оттегі және қуықтағы тасқа қарсы пайдаланады. Дәрі ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 1808 | Добавил: модератор | Дата: 11.08.2011

Маман дәрігерлер талайдан бері тауық сорпасын ішудің зияндылығын ескертіп келеді. Себебі, қайнату арқылы оның етінде сақталған зиянды заттардың барлығы сорпаның бетіне шығады. Біз бұл жерде химиялық қоспасыз, экологиялық жағынан таза, аулада, қолда өскен тауықтар турасына айтып отырған жоқпыз. Әңгіме біздің дүкендер мен базарларда сатылатын тауық еттері жөнінде болып отыр. Ірі құс фабрикаларында тауықтарды семірту үшін және ауру жұқтырмас үшін жем-шөбіне адамға зиянды түрлі химиялық қоспалар мен антибиотиктерді қосатыны белгілі. Қайнатқан жағдайда соның бәрі сорпаға шығып, тауық етінің өзінде зиянды түрлі ештеңе қалмайды. Сондықтан тұмау-сұмауда денсаулыққа зиян келмес үшін дүкеннен немесе базардан алған тауық етінің сорпасын ішпеген жөн.

Фото: ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 1183 | Добавил: модератор | Дата: 28.05.2011

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz