Киімге жаңа тиген сия дағын сүтпен жуса тез кетеді. Алтын түстес бояуға боялған рама, айна, клавеш сүтпен жақсы тазаланады. Терезе перделерін жуғанда, оларды нілге малатын суға аз ғана сүт қосса, өңі жаңарады. Крахмалға кішкене сүт қосса үтіктелген кезде бұйымның түсі жылтырап, өңі кіреді. Қышаны судың орнына сүтке езсе, жақсы сақталады, кеппейді. Етік тазаланатын майға бірнеше тамшы сүт қосса, май былғарыға жақсы сіңеді және ол жалтырап кетеді.
|
Ара балының құрамында адам ағзасына пайдалы 60 түрлі зат бар, мысалы, глюкоза, минералдық тұздар, ферменттер, дәрумендер, радиоактивті, антибиотикті және басқа заттар бар. Бал асқазан жұмысын тәртіптейді. Таңертең күн сайын бір стақан суға бір ас қасық салып ішсе өте пайдалы. Бал бала ағзасының түрлі ауруларға қарсы күресуін арттырады, гемоглобиннің процентін көбейтеді. Балды әсіресе сүт және жеміс-жидек тағамдарына қосып жеген пайдалы. Жатар алдында стақан суға бір ас қасық бал салып ішсе адам жақсы ұйықтайды. Халық медицинасы өкпе туберкулезін және басқа өкпе ауруларды балды сүтке немесе майға қосып емдейді. Бал адамның бетіне нәр беру үшін емдеу косметикасында пайдаланылады. Ол беттің өңін кіргізеді. Бір жұмыртқаның сарысына бір шәй қасық бал, бір шәй қасық глицерин қосып немесе бір шәй қасық балға бір ас қасық ұнтақ (толокно) қосып бетке жағад
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Гүлді өткір пышақпен қиғаштай кесіп, оның сабағын суға қандыру үшін қолма қол суға салу керек. Гүлді вазаға салар бұрын сабақтың төменгі жағындағы жапырақтарды алып тастайды, өйткені олар суда тез шіриді де, гүлді солдырады. Сүт шырына бар өсімдікті, шырыны қатып, өсімдіктің су алатын жолын жауып тастамас үшін жылы суға салады. Ағаш тектес өсімдіктердің сабағының (гортензия, сирень, хризантема т.с.) төменгі жағын кішкене тарамдап салса, суды жоғарыға жақсы тартады. Гүлдердің сабағын күн сайын кесіп отыру керек, өйткені су жүретін жолда бітеліп қалады. Вазадағы суды күн сайын жаңартып отырады, жылы күндерде одан да жиі жаңартады.
|
Үйде желімді (клей) оншама көп пайдалана бермейді. Желім салған шынының аузын ашып қойсаңыз, біраз уақыт өтпей-ақ желім кеуіп қалады. Ал желімді айлар бойы тұрса да кеппейтін етуге болады. Ол үшін ескі резина емізікті шынының аузына кигізу керек. Желім қағазға емізік арқылы ағады. Сонан соң мұның тесігіне бір тамшы желім қатады да, шынының аузын ауа кірместей етіп бекітіп тастайды, сөйтіп желімді кеуіп қалудан сақтайды. Желім керек болған кезде емізікті аузындағы қатқан желімді қолыңызбен шұқып алып тастайсыз.
|
Үй шаруашылығында, мысалы, лактанған мебель, паркетті еден сияқты дымқыл шүберекпен сүртуге болмайтын заттар бар, ал құрғақ шүберекпен сүртсе, пайдасы жоқ, шаң болып қалады. Мұндай жағдайда шүберекті 10 пайыз (процент) глицерин қосылған жылы суға малып қою керек. Бірнеше минуттай кептіреді, шүберек құрғақ сияқты көрінгенмен шаң-тозаңды жақсы сүртеді.
|
Адамда тер бездерінің екі түрі болады. Бір түрі адамның сыртқы денесіне біркелкі жайылған, олар адамның денесін майландырып, жылылықты тәртіпке келтіріп тұрады. Екінші түрі, көбіне қолтық астында болады. Қолтық астындағы тер бездерінің терді көп шығаруы теріні қызартып, жұқа терінің сыртын жаралай бастайды. Қолтық астының терлегіштігін азайту үшін құрғатқыш заттар-танин (ағаш қабығының ұлпасы) және шалфей (дәрі шөп) жапырақтарының тұнбасы қолданылады. Қолтық астын 70 пайыздық (проценттік) спиртпен сүртіп, соңынан бор қышқылы опасымен сүртсе де жақсы болады, сол сияқты салицил немесе формалин спиртімен, лизол ерітіндісімен (стақан суға бір ас қасық) сүртсе де пайдалы. Уротропинді опа сияқты үгіп сепкен де жақсы нәтиже береді. Екі хром қышқылды калийдің 0,5 пайыздық (проценттік) ерітіндісін жақса да терді азайытып, иісті кетіреді. Бұл айтылған дәрілерді көрсетілген мөлшерден артық қолдануға болмайды, ол теріні күйдіріп, қызартып жібе
...
Толығымен (Подробнее)»
|
 Кофе ішкен денсаулыққа пайдалы емес, әсіресе жүрекке зиянды әсері бар деген пікірлерді естиміз. Бұл орайда медиктердің өздері де бір-біріне кереғар пікір айтады. Біреулері бұл сусын жүрекке, жүйкеге, бәлкім, басқа да органдарға зиян десе, енді біреулері мұның бәрін теріске саяды. Химиялық құрамы және сергітетін әсері жөнінде кофенің құрамындағы басты зат-кофеин жақсы зерттелген. Ол ең алдымен адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Мидағы қан тамырлары тарылып, қан қысымы уақытша артады. Дені сау адамға кофенің зияны жоқ, ал гипониктер-қан қысымы адамдар үшін кофе ішіп тұрған дұрыста. Бұған қоса, үнемі ішіп жүрсе, организм оған бейімделіп, қан қысымы енді көтерілмейтін болады. АҚШ-тағы Гарвард денсаулық сақтау институтында ең бертінде жүргізілген зерттеулер кофе ішу мен инфаркттың не инсульттың арасында байланыс жоқ екенін көрсетті. Зерттеуле
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Аяқ киімнің қалыбын айыра білуБылғары аяқкиімнің қажетті номерін білу үшін табан ұзындығын сантиметрмен өлшейді, шыққан санды екіге бөледі де, оған табанның ұзындығын қосады, содан шыққан нәтиже сіздің аяғыңыздың қалыбы, мысалы, табанның ұзындығы 26 сантиметр, 26:2=16; 26+13=39, сөйтіп, бұл аяққа 39 номерлі аяқкиім керек.Аяқкиімнің жарылып кетуіЕгер түсті аяқкиім жарыла бастаса, бұл оның былғарысы бүлінді деген сөз емес,-аяқкиімнің былғарысына жағылған май шаңмен араласып, бырысады. Оны скипидармен жуып кетіруге болады. Бұдан аяқкиім аздап қоңырқай тартқанымен, оның өңі едәуір жақсарады.Су өтпейтін аяқкиімАяқкиімге парафинді сіңіре жағып, су өтпейтін етуге болады. Бұл үшін парафинді ұсақтап алып бензин құйыл
...
Толығымен (Подробнее)»
| |