Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың
заманында пітір садақа төрт азықтан берілген. Олар: бидай, құрма және
арпа өнімдері. Оның үкімі Ханафи мазһабы бойынша жазылған фикһ
кітаптарында кеңінен баяндалған. Қазіргі уақытта кейбір азық-түліктер
жергілікті базарда саудаланбауы және күнделікті қолданыстан шығып қалуы
пітір садақа мәселесін қайта қарау керектігін талап етуде. Дегенмен,
пітірді азық түрінде, немесе оның бағасын шығарып ақшалай беруге де
болады. Оның бағасы жергілікті базардағы бөлшек нарықпен есептелуі тиіс.
Әбу Йусуф (р.а.): «Бидайдың орнына ұн, ал ұн мен бидайдың орнына бұл
екеуінің дирһамын (ақшасын) берген абзал»,-деген. Астана базарындағы қазіргі таңдағы баға бойынша пітір садақа берілетін азық-түліктің бағасы төмендегіше: -Ұн бойынша – 70 - 260 теңге (85 тг/келісі * 2 келі - 130 тг/келі * 2 келі); -Мейіз бойынша – 3000 - 6000 теңге (1500 тг/келі * 2 келі - 3000 тг/тг * 2 келі); Құрма бойынша - 11200 теңге (2800 тг/келі * 4 келі) Сонымен
пітір садақа берілетін бидай ұнының ең төменгі бағасы биылғы пітір
садақа мөлшері кісі басына 150 теңге болып бекітілді. Алайда, мейіз және
құрманың бағасы бойынша пітір садақасын беруге де болады. Олай болған
жағдайда жоғарыда жазылған мейіз бен құрманың бағасы жазулы. Сол
бойынша кісі басына өлшеніп беріледі. Кім бұл бағаны ауырсынса,
білсін, пітір садақасын беру күнделікті қажетінен артық байлығы нисапқа
жететін қалталы мұсылмандарға ғана міндет. Ал, жағдайды жоқ азаматтар
өздерінің қалауы бойынша бере алады. muftyat.kz
|