Адамда өз қателіктерінен басқа қанымен келген күнәлары болуы да мүмкін. Ол-адамның күнәсі өзінен артылып балаларына, одан олардың балаларына өтіп, соның есебінен ата-ананың күнәсі өз ұрпағына да зиянын тигізеді деген сөз. Сондықтан, күнә жасар алдында кісі өзін ғана емес, ұрпағын да ойлаған жөн. Адам Тәңіріне көңілі шындап бұрылып, өзінің еткен әрекеттері үшін кешірім өтінгенде, оның жаны мен тәнінде таң қаларлық өзгерістер болады. Адам өзінің жетілмегенін Жаратушы алдында мойындағанда, өзгеруге, әлем кеңістігімен кірігуге Жаратушыдан керекті күш алады. Тәңіріден кешірім сұрау дегеніміз істеген ағаттығыңа ұялып өзіңді мүжу, сөгу немесе өкіну емес. Ол-арылу, өзіңді өзгертуге ұмтылу, бар ойды соған бағыттау, келешекке еш уақытта ол қателікті болдырмау. Мырзагелді Кемел "Ақыл қалта", "Аударма баспасы, А., 2007ж., 131бет")
|