Құрбылар әңгімесі -Өй! Мен мүлде оқыста естіп қалдым, сенің бұдан бұрын бір жігітің болыпты ғой, оны тастап кетіпсің. Неге? -Себебі, мен де күтпеген жерден естіп қалдым, ол үйленіп қойған екен бұрын. -Ой, оңбаған! Кім ол, кімге үйленіпті. -Атын атамай-ақ қояйын, тіпті есімін атайды деп күтпей-ақ қой, ал үйленген кісісі-сенсің, саған үйленіпті…
Ұсақ бауырсақ Қаратау елінің Досал ауылында Есалы деген болыпты. Ол бала-шағамен де, келін-кепшікпен де қалжыңдаса беретін жайдары, ақ көңіл, аңқау кісі екен. Есалы жаздың бір күнінде Түркістан маңындағы құдасына келіп қонып отырады. Құда келген соң, үй иесі қарап отырсың ба, самауыр қойып, мал сойып шала бүлініп жатады. Көп кешікпей Есалының алдына дастархан жайылып, шай келеді. Күні бойы жүріп, еш жерде түстенбестен Есалы алдындағы қойдың құмалағындай ұсақ бауырсақты үшеуден, төртеуден ауызға салып шай ішіп отырады. Шай құйып отырған құдаша келіп Есалының бауырсақ жесін мысқыл етейін деп: -Сіздің елде қойды қораға қамарда біртіндеп айдай ма, жоқ топтап айдай ма?-депті. Бұл қалжыңға Есалы дереу: -Ірі болса біреуден, ұсақ болса үшеу-төртеуден айдаймыз,-деп жауап беріпті. (қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен)
|