Воскресенье, 07.12.2025, 07:59
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 16
Гостей: 16
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Июнь » 08 » Әсет Найманбаев (1867-1923)
Әсет Найманбаев (1867-1923)
08:39
Жас жігіт надандықпен алданады
Жас жігіт надандықпен алданады,
Атақты адам деген малданады.
Байқамай пайдасыздың жолына еріп,
Жолынан өнер-сымбат құт қалады.
Сұлу ат, келте киім, керім-кербез,
Сүйініп сипатына таңданады.
Пысықпын деп көп сөйлеп мылжың болып,
Ант ішіп бір сөз айтса қарғанады.
Шұғыл мінез, сұмпайы, сөзі әдепсіз
Біреумен қалжыңдасса шамданады,
Өтірікке өлгенше шебер болар,
Сүйкімсіз мінезбенен заңданады.
Торғай жеп қыран бүркіт тоят алмас,
Опасызға қайтсе жүрек жалғанады.
Өз ойында пәспін деп кім саналмақ,
Мен надан деп айтуға арланады.
Жылпың сөз, күрең қабақ, сып-сырғанақ
Біреуді алдаймын деп қарманады.
Ақылдының сөзінде жұпары бар,
Ғылыммен тән тазарып жалданады.
Оқудың түзетпейтін адамы жоқ,
Қараңғы мінбарларға шам жанады.
Ақылды, аз ашулы, көп пікірлі,
Пайдалы насихатты аңғарады.
Жаманның көрпесінің өлшеуі жоқ,
Әбетте, артын білмей паңданады.
Аман жұрт бір айыптан табылар ма,
Ақыл көзбен қарасақ хан-қараны.
Білімдінің азығы шикі надан,
Оқымай қайдан жазсын бұл жараны.

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1898 | Добавил: модератор | Рейтинг: 5.0/1 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Июнь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz