Күн көзіне күюге аса әуестену теріні қартайтады. Егер сіз теріңізді күннен қорғайтын болсаңыз, кем дегенде жастығыңызды 10 жылға ұзартасыз.
Жұмыстың көптігіне, уақыттың аздығына қарамастан адам күніне 8 сағат ұйықтау керек. Ұйқыны қандырып тұруды әдетке айналдырыңыз. Тамақты шақтап жеңіз. Аш жүрмеңіз, бірақ тамақты да көп жемеңіз. Салмағыңызды қадағалап жүріңіз. Салмақ жинау сыртқы келбетіңізге әсер ететіні жадыңызда болсын. Әрбір күнді бір стақан таза су ішуден бастаңыз. Аздап ұрттап ішуге тырысыңыз. Жан-дүниеңіздің тепе-теңдігін сақтаңыз. Стресс ерте қартаюға себепші. Сондықтан барлық нәрсеге жеңіл қарап, жүрегіңізге жақын алмаңыз. Махаббат-жастықтың нағыз емі. Сондықтан өз жұбыңызды табыңыз. Жұмысыңызды сүйіңіз. Жұмыс жасайтын адамдар өздерінің жұмыс жасамайтын құрдастарынан шамамен 5 жасқа жас көрінеді. Хоббиіңіз болсын. Кесте тігумен, бимен, өлең оқумен, тамақ пісірумен, жұлдыздарды тамашалаумен, саяхатпен, сурет салумен айналысыңыз. Жиі күліңіз. Күлкіні жақсы көретіндер сирек ауырады және аз шаршайды. Өміріңізде күлкі көп болуы үшін достарыңызбен әзілдесіңіз, комедия қараңыз. Қозғалыңыз. Спортпен айналысыңыз. Жаяу жүріңіз. Өз миыңызды жаттықтырыңыз. Шет тілін үйреніңіз, сөзжұмбақтар шешіңіз, зерделі ойындар ойнаңыз-бұл қартайғанша ақылыңыздан алжаспауға көмектеседі.
|