Ертеде ел қыдырған саудагерлер қазақтан жалға үш түйе алыпты. Сөйтсе әлігінің екеуі жуас та, ал бірі бақырауық боп шығыпты. Әбден мазалары кетіп жүрген саудагерлер Тұрлымбетке кезіккенде: -Ай, қазақ, мына түйе неге бақыра береді, тілін білесің бе?-деді. -Білемін,-дейді Тұрлымбет. -Білсең айтшы, бір шапан берейін,-дейді саудагер. Сонда Тұрлымбет: Аш иттей қыдырған сен бір кезбе, Үстіме таудай қылып арттың бөзді. Тынысымды алдырмай жүргізесің, Тұра қалсам ұрасың басқа, көзге. Құтылсам осы қудан, уа құдайым, Шалқақтап жүрер едім жапан түзде!- деп тұр. Мұны босат та маған шапаныңды бер,-депті.
|