Воскресенье, 07.12.2025, 07:59
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 16
Гостей: 16
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Март » 31 » Тамақ ішудің әдебі (Ізгі жандар әдебі кітабынан, жалғасы)
Тамақ ішудің әдебі (Ізгі жандар әдебі кітабынан, жалғасы)
18:55
Тамақты отырып, жейді. Бұл бапта үш үш түрлі отырып жеу, сүннет. Алғашқысы-екі  тізесін бүгіп отырады, бірақ қарнын тізесіне тигізбейді. Екіншісі-оң тізесін көтеріп,  сол аяғын бүгіп басып отыру. Үшіншісі- екі тізесін көтеріп қарнына жабыстырып отыру. Сүннетпен отырудың тағы бір түрі, тамақ жеген кезде аяқ киімді шешіп отыру, әрі етегі мен жеңін қайырып алу.
*Ас сыпыра мен дастархан үстіне қойып желінеді. Хан тақтаның (үлкен стол) үстіне қойып жеулеріне де болады. Ей, дәруіш біліп ал! Хан тақтаның үстіне тағам  қойып жеу–патшалардың пейілі. Дастархан жайып тамақтану-ғажамдардың (арабтан басқа ұлттар) пейілі. Сыпырада тамақтану-арабтар пейілі.
*Ас ішетін ыдыстар ағаш немесе шыныдан болғаны сүннет. Алтын немесе күміс ыдыстармен тамақ ішіп-жеу, харам. Қорғасын, мыс секілді ыдыстардан тамақ жеу, мәкрух.
*Дастархан үстінде үлкен кісілер тамаққа қол салғанша, жастар қол салмайды. Егер, өзі үлкен кісілерден болса, онда басқаларды көп күттіріп қоймай тамаққа тез қол салады.
*Тамақ ішуді бастар алдында "бисмиллаһты…" толық айтады. "Бисмиллаһтан…" бұрын, былайша салауат айту мұстахаб: "Аллоһумма солли ъала Мұхамадин уә ъала әли әли Мұхаммадин уә тоййиб арзақана уә хассин ахлақана" мұнан соң барып "бисмиллаһты…" айтады. Хадис ғұламаларының шешімі: "бисмиллаһты…" айту уәжіб, ал оны дауыстап айту мұстахаб. Өзгелерге ескерту үшін "бисмиллаһты…" айтқан соң, тез тамақтануға кіріседі. Тамақтанып болған соң, тұзбен аяқтайды. Тұзды алған кезде: "Бисмиллаһи уәс-солату ъала Росулиллаһи",-деп айтады. Егер бір кісі тамақтанудың алдында "бисмиллаһты…" ұмытып, ортасында есіне түссе, "бисмиллаһи фи әууалиһи уә ахириһи",-деп айтады.
*Тамақты асықпай, абайлап ішіп жесін. Ұлықтар былай деп айтқан екен: Әр бір лұқмада (жұтынғанда) "Әл-қоййум, әл-қоййум",-десін. Тіпті бұл мүбәрак есімнің нұрымен жақындық әрі шындық болғай. Ақиқатында күш-қуат беруші, Құдай Тағаланың Өзі, тамақ күш-қуат беруші емес.
*Тамақты оң қолымен ішіп-жеу және үш саусақ; үлкен, ишара әрі орта саусақтар мен тамақ жеу сүннет, кейде бинсир (кіші) саусақты қосса да, болады. Ол сүннетке қайшы емес. Екі саусақпен тамақтануға тыйым салынады.
*Тамақты өз алдынан жейді, бірақ жеміс-жидекті қалаған жерінен алуға болады.
*Нан және нанның қиқымдарын ардақтайды. Нанды екі қолмен бөледі, егер нанды жегісі келсе, қолдың майын нанға сүртпесін. Нанның қиқымын немесе басқа тағамның қиқымы жерге түсіп кетсе, дереу түріп жесін. Оның қасиеті мен сауабы өте көп. Тастап жіберу тәкаппарлық, әрі астамшылық болады.
Категория: Этикет | Просмотров: 2747 | Добавил: модератор | Рейтинг: 5.0/2 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Март 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz