Ертеде бір кісі ауылдың сыртына келіп, кездескен жігіттерден маған қонақасыны тәуір беретін үйді сілтеңдерші дейді. Қу жігіттер шетте тұрған ақ үйді нұсқап:
-Анау үйдің жақында қадірлі кемпірі өлген, соған барып құран оқыңыз. Құран оқыған кісіге олар қазан асып, бар сый-сипатын жасайды,-дейді.
Жолаушы әлгі үйге кіріп келеді де, елдің баяғыдан келе жатқан салты бойынша, амандаспастан, төрге шығып отырады да, заулатып құран оқи бастайды. Үй иесі ашуланып:
-Өй, өз басыңа көрінгір, қайдағыны қайдан шығарып отырсың,-деп таяқ ала жүгіріпті.
Ана жігіттердің қулықпен әдейі алдап жібергенін біледі де, құранды қоя салып, үй иесіне: -Е, сен өлгенде қолым тие ме, тимей ме деп алдын ала оқып тұрғаным ғой,-дейді.
Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен
|