Халқымыз үшін Жаңа жыл мейрамы наурыздың 22-сінде басталғанын бүгінде қалың жұртшылық жақсы біледі. Байырғы мереке бүгін мен ертеңге және үлкендер мен кішілерге өмірлеріне рухани азық боларлық ой салары анық. Осыған байланысты мына бір жәйіттерге назар аударылыңызды өтініп, Жанқұттының туындысын ұсынбақпыз.
Ай аттары Наурыз-хамал-март. Көкек-сәуір-апрель. Мамыр-зауза-май. Маусым-саратан-июнь. Шілде-әсет-июль. Тамыз-сүмбіле-август. Қыркүйек-мизан-сентябрь. Қазан-ақырап-октябрь. Қараша-қауыс-ноябрь. Желтоқсан-жәди-декабрь. Қаңтар-дәлу-январь. Ақпан-хұт-февраль.
Мүшел жас 1-мүшел-13 жас (ер жете бастау) 2-мүшел-25 жас (жігіттік шақ) 3-мүшел-37 жас (ақыл тоқтату) 4-мүшел-49 жас (орта жас) 5-мүшел-61 жас (орта жас) 6-мүшел-73 жас (қарттық) 7-мүшел-85 жас (кәрілік) 8-мүшел-97 жас (қалжырау) 9-мүшел-109 жас (шөпшек сүю) 10-мүшел-121 жас (немене сүю)