Мөңке байдың үйіне арық құнанына мініп Сырым бала келеді. Баланы көзге ілмеген бай: "Балаға айран әкел" деп, ет бергізбепті. Таңертең аулада семіз қызыл тұсақтың үйелеп өліп қалғанына қайғырған Мөңке: -"Құтты қонақ қонса, қойы егіз табады; құтсыз қонақ қонса, малын қырсық шалады" деген қызыл тұсақ үйелеп өліпті, бала, құтсыз қонақ болдың. Енді үйімнен кет,-деп ызғар шашады. Сонда Сырым бала: -Олай болмас, "Құтты қонақ қонса, малы өліп, басы аман қалады; құтсыз қонақ қонса, өзі өліп малы иесіз қалады" деген. Менің қандай қонақ екенімді өзіңіз біліңіз, байеке,-депті мысқылды үнмен.
|