 Арғынның бір ақын қызы мен Жаппастың бір ақын жігіті айтысады. Қатты жаңбыр жауып тұрған күн болуы керек. Жігіт қыздың үйіне келеді. Екі қыз шапан қауып отыр екен. Қыз:Шекпенің жаңбыр жауған кепкен болар,Қатынын жаман еркек тепкен болар.Сақалын, мұртын қосып күзеп алсаңБалаға он бес жасар шекпен болар.Жігіт:Көрінер қос қарқараң мүйіздейін,Жоқ еді көп сақалым киіздейін.Басымды әбжыландай қайқайтайын,Залалын сақалымның тигізбейін.Қыз:Дегенде көшем-көшем Әйтем жаппас,Жауаптың жаман адам жөнін таппас.Адамға басың тимей бөксең тиіп,Кеттің бе, бура болып, мұнар саппас?Жігіт жеңіліп, шекпенін қыздың әкесіне жауып, атын белдеуіне байлап, жаяу кетіпті. Әзірлеген Ә. Алманов Фото Казах.Ру
|