Дүниеге кімдер келіп, кім кетпеген, Табиғат-түбі терең қол жетпеген. Өтерін өмірінің біле тұрып, Маңдайын пенде бар ма терлетпеген? Баз біреу көп ақылға ие болып, Жұмысын ешбір жанға жөндетпеген. Баз біреу мал базарын мақсат етіп, Ауруын ауамдықтың (надандық) емдетпеген. Ақылдың ауырлығы қорғасындай, Көңілді бұзық іске өрлетпеген. Тынық бол тыпыршымай, есің болса. Қаңтардың шуағындай желдетпеген. Лұқпандай мың жыл өмір сүре-дағы, Ақыры өлім кімді еңіретпеген.
|