Өскемен қаласымен шектесіп жатқан Меновное ауылдық округінде тұратын халық ежелден мал ұстап, егіншілікпен шұғылданып келеді. Осыған байланысты туындайтын көптеген мәселелердің түйіндерін шешіп, белгіленген шаралардың көңілдегідей жүзеге асуына әкім Ерсейіт Қабдуәлиұлы Нұралдинов барынша мән беріп отырады. Мәселен, әлеуметтік маңызы бар бір мәселе-мұсылмандар бейіті мәселесі еді: Ахмер ауылындағы бейіттің жері түгесілгендіктен жабылғанда қалалық бейітке арналып, Самсоновка ауылының маңынан он бес гектар жер бөлінді. Бұл бір ғана мысал. Ал шариғат ережелерін дәстүрлі әдет-ғұрыптармен ұштастыру жөнінде ол Мұхамади атындағы мешіттің қызметкерлерімен ой бөлісіп тұратыны да құптарлық жай дер едік. Өйткені аталған мәселе бұл мешітке келуші мұсылман ағайындар арасында дұрыс уағыздалып, мазмұнды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. М. Абдуллин
|