Воскресенье, 07.12.2025, 06:36
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 25
Гостей: 25
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Өмір өрнектері
« 1 2 ... 12 13 14
Сосын жолшы тұратұғын болды кез,
Тұрып еді, ғайыптан бір келді сөз:
«Қанша ұйықтадың?»-дейді дауыс өзгеше.
Сәске еді ғой жатқанымда мен кеше,
Қатты ұйқыдан қазір әрең тұрыппын,
Қараңызшы, таңды таңға ұрыппын.

«Жоқ, жолаушы, әрісін айт, әрісін,
Жас едің ғой, қарасайшы, кәрісің.
Ағаш қурап, құдық анау тартылды,
Шағыл шөлде судың көзі сарқылды.
Құм астында жатқан баршысы,
Есектің де қалды қаңсып қаңқасы».

Қас қаққанша қарт боп кеткен мүсәпір
Еңірей берді, қу жанында құса тұр...
Шалды кенет бір керемет таң қылды,
Бүкіл дүние көз алдында жаңғырды.
Жасыл жапырақ жайып ағаш жайқалды,
Құдық толып, салқын су шайқалды.

Қаусап қалған есек жанын шақырды,
Түгі түлеп, тұра сала ақырды.
Тұл бойына толып қайрат, үміт, бақ,
Жолаушыға, қайта оралды жігіт шақ.
Қуанышы төгіліп те, асылып
Жолға шықты Жасағанға бас ұрып.

Тәржімелеген Қуандық Шаңғытбаев.

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1441 | Добавил: kemel | Дата: 21.09.2009

Қалқатай, «кари глаз» екі көзің,
«Никогда не забуду» айтқан сөзің.
«Третий, второйлар» толып жатыр,
Ойласам «как родился» сенің өзің?

Қалқаның бес мың теңге бір басында,
«Восемьсот три тысяч» сырғасында.
Ақ меруерт, асылзада бекзат қалқам,
Мен сенің жараймын ғой жолдасыңа.

Серінің қолқасы бар бір басыңда,
Күн сәулең елес беріп тұр қасымда.
Өмірің өткіншідей өте шығар,
Қызықты көре алмасаң дер жасыңда.

Кім келіп өмір гүлі сынбасына,
Саяда тұрса-дағы шың басыңда.
Армансыз жас шығыңда өткізіп қал,
Мен кепіл өмір өтпей тұрмасына.

Ақан Сері  Қорамсаұлы


Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1210 | Добавил: kemel | Дата: 16.09.2009

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы:
Қасқырда қуат қалмаса,
«Апа» дейді ешкіні.
Тоңған-торқа көреді,
Қырық құрау ескіні.
Үміт үзбе, бұзылса да,
Ісіңнің, ерлер, кескіні.
Ұмытарсың, Күн шықса,
Айсыз түнгі кешкіні.
Бірде тұман, бірде ашық,
Бұл дүниенің бес күні!

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 3463 | Добавил: kemel | Дата: 10.09.2009

Ертеде бір қолынан іс келмейтін олақ адам бар екен. Сонысына қарамастан ол оны-мұныны істеуге әуес болыпты.
Бір күні әлгі олақ өткір шотпен ағаш шауып  отыр екен, қасынан өтіп бара жатқан бөгде біреу оқыс бұрылып бірден шотқа жармасып:
-Бұл менің әкемнің шоты, сен мұны қайдан алдың?-деп бәле салыпты
Олақ:
-Бұл өз шотым!-деп өзеурейді.
Ақыры бірін бірі жеңе алмай, қазыға жүгініске  келеді. Даукес қазыға олақтың шотын да, шауып отырған ағашын да ала келген екен.
-Тақсыр, бұл менің әкемнің шоты, оған дау болмасқа керек!-епті Даукес.
-Оны қайдан білдің?-депті қазы.
-Оны білгенім, әкемнің шоты шапқан сайын өрлейтін, міне, мына шотта дәл сол қасиет бар екен?-деп әр жері қиқа-жиқа болған ағашты көрсетіпті.
Сөзден жеңілген қазы шотты Даукеске бергізіпті.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 913 | Добавил: kemel | Дата: 10.09.2009

Сұрақ:
-Менің мамандығым-бухгалтер. Жұмыс бабымен әр алуан ортада болуы ма тура келеді. Қысқасы-мұсылмандар қалай киіну керек, осы жөнінде мағлұмат берсеңіздер.
Мұсахан, Қатонқарағай ауданы, Кіші Нарын ауылы.
Жауап:
-Білгілеріңіз келген алуан сұраққа жауап беруге әзірміз. Жолыңыз түссе, «Мұхамади» мешітіне де келіңіз. Әзірше мұсылмандық әдеп бойынша киінудің, өзіңіз айтқандай, қысқаша мән-жайымен танысыз.
М.Садық.
Мұсылмандық әдеп
Киіну
Әрбір мұсылман ерекше таза, күтімді киініп жүруге тиіс. Әрине, киімнің ерекше жарқырақ, аса қымбат болмағаны дұрыс.
Мұндайда өзіңе ұнаған бір киімді үстіңнен тастамай, әдейі жұпыны болып көрінудің қажеті жоқ. Өйткені, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзі де киімдерін жиі ауыстырады екен. «Алланың өзі сұлу, сондықтан ол сұлулықты ұнатады» дейді екен. Сырт киім мен көйлектің жеңі кең әрі ұзындау болғаны жақсы.
Ер кісілерге қызыл және сары түсті киімдер кию-күнәға жатады. Ақ түсті к ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1878 | Добавил: kemel | Дата: 10.09.2009

Үлкендер де кішілер де хиджаб киіп жас қыздардың  «өзгере қалған» мінез-құлықтарына таңданып жатады: «кеше ғана таныс бала көшеде кездесе қалса, алдарынан көз алмай өздерімен-өздері, басқа ешкімнің қажеті жоқтай кете барады. «Айнала қоршаған дүниеге қызығушылықтары азайғандай»,-деседі.
Мұндайды естігенде өз басым қуанышқа бөленемін. Көпшіліктің білгені дұрыс: ислам дініне иланып, осы жолда жүрген қалың ересектермен қатар, жаңағы қыздар да шариғатқа сай жүрсе, несі дөрекі? Жан-жақтарына алақ-бұлақ қарап, бет-ауыздарына бес баттам бояу жаққан, ала-құла киініп, өздерінше мода сақтайтын бойжеткендердің аузынан шыққан былапыт сөздерін естігенде жаның тітіркенбей ме?!..
Хиджаб киген қыздар өз сәнімен жүрсе, бұл оларды еш нәрсе қызықтырмайды деген пікір тудырмайды. Қайта олардың таза жолға саналы түрде түскенін байқатады. Бұған көпшілік не дер екен?..

Қайрат, мамандығым-мұғалім, тұрмыстық қамту қызметкерімін.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1275 | Добавил: kemel | Дата: 03.09.2009

Ат-биеден туады, алтын-анадан,
Ел-ағадан азады, тон-жағадан.
Өлексе өлекшіннің аңдығаны,
Арлан бөрі соғады тау сағадан.
Сергелдең сейіл, серуен кезеңінде
Ер аттан мұқалады, ат- тағадан.
Балапан ұядағы ұшқанды алар,
Қатын ерден үлгі алар, іні-ағадан.
Бір ойы он бөлінген, оны-жүзге,
Сасқанда ақыл шықпас кембағалдан.

Жасымда кедейліктен жедім таяқ,
Жалаң бас, жамау дамбал, жалаң аяқ.
Кедейлік қыршаңқы аттай тонтан қуып,
Үйірге қосыла алмай жүрдім саяқ.
Қыр соңыма түсіп ан сұм кедейлік,
Найзасын жетер-жетпес жүрді таян.

Мұңдасатын таусылды тұстас тұрғым,
Әзілдесер таусылды тату құрбым.
Жан жабығын, тән тозын, қартаярда,
Үйлеспей басында жүр көңіл қырдың.

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1018 | Добавил: kemel | Дата: 03.09.2009

«Мұхамади» мешітінің сырт көзге ұсақ-түйек көрінетін шаруаларымен айналысып, су жүйесін жөндеу жайлы шытырман ойлармен жүрген кезім еді, аялдамаға барар жолда мешітімізге жиі келетін Зейнеп апамыз ұшыраса кетті.
-Ибрагим  балам,-деді асықпай жүріп келе жатып,-бұл өмірде менің көрмегенім жоқ, соғыста ерім қазаға ұшырады. Көңілге медет тұтқан үш-төрт баланы жұлқынып жүріп өсіріп, жалғыз өзім қатарға қостым. Өгізбен жер жыртқан, қара суды қысты күні етікпен күн кешкен қиыншылықтардың бір күні кейінгі ұрпақтың алдына келмесін. Сонда маған тіреніш, сүйеніш болған кім дейсің ғой? Бір Аллаһ!..
Жолымыз айырыласарда: «Жолың болсын балам»,-деді ол. Соңынан бір сәт бұл шағын әңгімесін маған неге айтты деп ойланып қалдым. Сөйтсем, қабағымдағы аз кірбіңді аңғарып қалған екен.
Қайран аналар-ай! Қалқандап жүре беріңдерші!

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1028 | Добавил: kemel | Дата: 01.08.2009

Әрі-бері жүргенде қабір қоршалған шарбақтарға қойылған ай сүгіретін көзім шалғанда ойға қалып жүретін едім. Соның мәнісін қалың жұртқа айтпақпын. Дәл осылай істе деп біздің мәзхабта үкім шығарылмаған. Бұл христиандардың крест қойғандарын көрген кейбір мұсылмандардың пайымдауымен кейіннен шыққан.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 989 | Добавил: kemel | Дата: 24.07.2009

«Құдайға не істегенімді білмеймін, жолым бір болмады, алға ұмтылудан қалдым» дегендей іренішті дауыстарды естігенде таң қаламын. Аятта: «Аллаһ еш нәрседен пенделеріне залым етпейді, бірақ пенделер өздеріне өздері залымдық етеді» деген. Ендеше ынта-жігерлерін танытып, алға ұмтылмағандары өздері не жасаған кесірлері емей, немене?.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1045 | Добавил: kemel | Дата: 24.07.2009

Кеңесхан ағамыздың сөзіне қарағанда жақсылық та, жамандық та «құпиясын» сақтай алмайды екен. Мешітке келіп сұраған жандарға діни рәсімдерді орындауларына  көмектесуі ме бола ма дегендей төңіректе сауалдарын қойғаны бар.
Сөйтсем, бұрын не  секілді коммунистер атқаратын қызметтер істеген екен. Зейнеткерлікке шығар мезгілде мектеп директоры қызметін атқарыпты. Зейнеткер болған соң бұрынғы партия мүшесінің құран оқып, намазға жығылып жүргенін көрген ауыл адамдарының жастар жағы «қарап жүріп молла бола қалғаны несі» деп сөккендей болса, қариялары оның  әкесі отыз жетінші жылы «бұл төрт жастағы кезінде діни жолға түсіп жүргені  үшін «халық жауы» болып кеткен, шешесі де діндар адам еді, таң қалмаңдар» деседі. Өзі тәртіпке үйреніп қалған қарияға ислам дінін насихаттап, оның кейбір рәсімдерін орындауға болыстықтарыңыз-абзал іс дедім.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 986 | Добавил: kemel | Дата: 24.07.2009

«Мұхамади» мешітінің көп жердегідей тәрбие бермейтін кезі жоқ. Мұны оқыста да аңғарып отырамын.
Намаздан кейін оны-мұны шаруалармен асығып кабинетімнен шығып, төменге түсіп едім, сол жақтағы орындықтардың бірінде Бисара апайымыз отыр. Кісі аяғы сирек кезде неге былай жайғасқанын білмекке құмарттым. Әмбе өз-өзінен жымыңдағандай қалыпта...
-Әй, Ибрагим қажы балам, мына кемпірдің есі ауысқан ба деп қалып жүрме. Бір үш минөтке қасыма келіп отыршы. Жалғыз өзім неге жымыңдап отырғанымды айтайын,-деді. Мен тыңдауға ыңғайлы ниетімді білдіргенде айтқаны: «Кеше қызық болды,-деп бастады әңгімесін,-далада қыдырыстап үйге кірсем, келінім Назира қолында бір әдемі кеудешесі бар маған тұра ұмтылды, мынаны не істеймін, шеше, бір-ақ рет кидім, текке тозады ғой дейді. Қойшы, ұзақ толғанып базарға апарып сатып жібердік. Сонда жол бойы келінімнің мыйымды шаққаны-ай. Ана сатып алған кісіге сіз киілген жоқ дедіңіз ғой, мен бірер рет кидім  ғой, өзі өлшегенде жоқ, үйіне барып к ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1012 | Добавил: kemel | Дата: 24.07.2009

1-15 16-30 ... 166-180 181-195 196-207
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz