Күн құдайы той жасапты. Тойға алыс-жақын жердегі барлық аң-құс біткенді шақырса керек. Тойға ағылғандарда есеп болмайды. Әрқайсысының шама-шарқынша тойға әкеле жатқан сыйлығы бар. Улы жылан да құр қол емес. Тістеген бір тал қып-қызыл раушан гүлі бар. Мұны көрген күн құдайы:-Бәрінің сыйын алсам да сенің гүліңді алмаймын,-десе керек. Мысал әңгімеден ниеті бұзық адамдардан сый алу да қауіпті екенін түсінесің.
|
Кішкентай ақ тышқан жорғалаған күйі ұстаханадан бір-ақ шығады. Жүзі жарқыраған араны көре сап, жалай бастайды. Араның өткір жүзіне тілінген тілінен шып-шып қан ағады. Қанағаны ойына кіріп-шықпаған ақ тышқан «темір бөлінген тәттіні жұтып жатырмын» деп ойлап, одан сайын жалайды. Тілі біржолата кесіліп түседі. Мысал әңгіме көзсіз пайдақұмарлықтың түбі неге соқтыратынын ұқтырады.
|
-Жаманнан жақсылық шықпайды.-Арам пиғылды адам әрекетінің өңін ғана өзгертеді, мазмұны бір.-Жаманның жақсы болуы қиын, жақсының жаман болуы оңай. -Сәттілік те, сәтсіздік те өткінші.-Есіңде болсын, таңғажайып дүние жасаймын дейтіндердің қолынан ұсақ шаруа да келмейді.-Сенген адамның орға жығуы әбден мүмкін, керісінше көзіңе еленбей жүргендер құтқарып қалады.-Тәттіқұмарлық, көре алмаушылық, тым сенгіштік-құрдымға жіберетін осал мінез-құлықтар.-Табиғат жаратпаған дүниені іздеп әуре болма.-Өзіңнен зормен бәсекелесіп, пайда таппайсың.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Көне грек мысалшысы Эзоптың нақты туған жылы мен айы белгісіз. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда өмір сүрген. Көзі жұмылғанша Ксаеф есімді ауқатты әлдекімнің байкесті құлы болыпты. Эзопты тұңғыш рет көрген адам бейне құбыжыққа жолыққандай әсерде қалады екен. Басы қазандай, ұшы үшкірленіп біткен мұрны репетсіз ұзын. Тілінің мүкісі бар, сол себепті сақауланып сөйлейді. Қолдары қысқа, өзі бүкір, қарны тізесіне түскен. Оралымсыз қимылдайтыны соншалық, ол жүрген жерде әлдене құлап немесе сынып, салдыр-гүлдір дыбыстар қатар естіліп жатады екен. Сонысына қарамай ерекше қалың еріндері арасынан шыққан қыршаңқы сөздері төңірегіндегілерді қыран-топан күлкіге кенелтетін көрінеді. «Қарай гөр өзін! Сақау болғанда былай сөйлейді, түзу сөйлесе мынаның тілі тірі адамды жерге кіргізетіндей екен, ә...» деп таңдай қағысқан...»
|
Көшеде көлденең жүрген бір-екі кісіге кездескен біреу «мына дүкеннен нені болсын ешкімге байқатпай алып шыға аламын» деп мақтанады. Оны тыңдап тұрғандардың біреуі тіпті бір қорап кәмпит алып шыға алсаң елу теңге тігейін деп бәстеседі. -Мені осы арадан күт,-деп мұны босағада қалдырып, мақтаншақ ізінше бір қорап кәмпитті қолтықтап қайта шығады. -Міне, айтқанымда тұрдым, енді бәсіңізді беріңіз. -Шынында епті екенсіз,-дейді анау.-Бірақ мен қылмысқа қарсы күресетін полиция адамымын. Сізді ұрлығыңыз үшін апарып қамауға тиіспін. -Оған асықпаңыз,-деп күлді мақтаншақ,-Мен осы дүкеннің иесі боламын.
М. Төктебайұлы
|
Тоғызыншы сыныптың оқушылары тышқанның соншалықты пайдалы екендігін естімепті де, білмепті де. Сынып жетекшісі сол жылы ғана институтты бітіріп келген жас қыз Нәзираның да үш ұйықтаса түсіне кірмейтін оқиға болды. Матиматика пәнін өзінің айтуынша «иттің етінен бекер жек көретін» Әлихан деген болса ендігі әрі оқығысы келмеді, оныншы сыныпқа жол ашылып отырса да, есеп сабақтары есіне түскенде жүрегі айтып, онсыз да өлмеймін онан да көршілес ауылдағы ауыл шаруашылығы училищесіне барып оқимын десе, ешкім рұқсат бермеді. Сондағы қарсылықтарының зоры-тоғызыншы сыныпты бітіргені туралы куәлікті, басқа құжаттарды көрсетпеді. Көрсетуін көрсетті: әр кімнің куәлігі алыстан, отырған үстелінің басынан көрсетіп, бағаларын естіртіп, бірақ қолдарына ұстатпайтынын айтты. Нәзира мұғалім дейтін емес, мүлде нәзік, мұрнының «гаймориті» бар ма, немене, қария қазір ойлап отырса, минөт сайын, кішкентай қара сөмкесінен қол орамалын алып, танау жағын сүрткі
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Жұмыстан кешігіңкіреп келіп едім, зайыбым есік алдынан аса бір сыпайы ибалық көрсетіп қарсы алды. Бұған не болды деп, бетіне таң қала қарадым. Өйткені, жастықтың майдандарын ұмыта алмай, қарттықтың алғашқы қадамына мойынсынбай жүрген кезде кемістіктер толып жатады ғой. Соны түзетемін дейме, күндіз-түні аңдығаны-мен... Осы жолы «қайда жүрсің?»-деп тұра сұрақтың астына алғанның орнына тым ибалы. Апыр-ау, мынаған не болды? Алматы қыздар институтын бітірген тегінде. Алған білімінің пайдасы енді шықты ма, бойынан... Сөйтсем, пәлесі дайын боп шықты: «Немене! Бойжеткен қызыңнан құтыла алмай жүр ме едің? Келді әне! Әке-шешесі. Құдайың берді, бірақ олармен бірген таң сарғайғанша ішіп отырма, білдің бе,-деп қатты сыбырлады,-әлде өзі баламыз жас, қоя тұрайық дейміз бе? Тіпті әкесінің пошымы кісі шошырлық, шешесі үйдің әр бұрышына алақ-бұлақ қарап отыр...
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Халқы құжынаған Өскемен қаласының базарында кездескен бұрынғы ауылдағы көршім Жанайдардың да, ол әңгіме еткен Қалижанның да мінез-құлықтары қартаң тартса да өзгермепті. Жанайдар жанындағы баласын көрсетіп, Қалижанның әке-бабасының аузын сырттай сыбап былай деді:-Осы қалаға көшерде кішкене үсті-басы жөнделсін деп түрік тонын алмақшы болды. Жарайды. Біраз, тыйын-тебен жетпей әлгі қалталы Қалижандікіне жіберіпті мұны кемпірім мен жоқта сол жаққа. Барса, іздегені алдынан шығып, әлгі «иттің» баласы, Қалижанды айтам, есік алдында отырыпты. Үйінің айналасы көл-жайсаң су. Мына менің балам Нұрсейітті көргеннен қуанып, «ой, айналайын, үйге кіріп шәй іш, қайдан жүрсің?! Жігіт боп қапсың өзің! Міне, біз болсақ, қартайдық. Балалардың бәрі қалада. Үйдің айналасын түгелдей жыра етіп қазып, іргесіне су жіберместің жағдайын ойлап жатыр едім. Келген шаруаңды сонан кейін айтарсың, үйге кіріп шәй ішші. Өздерің ар
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Аудан екіге бөлінгенде тозып кеткен мәдениет үйі қайтадан, жаңадан ғана жөнделе бастаған кез. Іші әлі суық. Қоңыр күз күшіне еніп, қыс ызғары сезіле бастаса да отын үнемделіп, жағылмай жатыр. Жөндеу жұмыстары бастан асып жатқанда бұған көңіл бөлудің де ешкімге қажеті жоқ секілді. Мәдениет үйінің директоры Манап бұрынғы кеңшардың бөлімше басқарушысы Сақи келгенде қуанып қалды. Қаржы да, материал да жоқ, не тапшы кезде мұндай тәжірибелі мамандардың ақыл-кеңесімен көп нәрсені ұтуға болады. Сақи терезеден тысқа көз тастап тұрып, үстелінің басында қонжиып отырған Манапқа бұрылып: -Жаңадан берілген маманың мынау ма?-деді сыртты мегзеп. Сыртта бұрын асфальталған жолмен бері қарай біз өкше биік туфлиінің өкшесін тық-тық еткізіп, ұзын бойлы бір бойжеткен осылай қарай беттеп келе жатыр еді. Күн салқыны болса, басы жалаңаш, сарыға бояған шашын тікі
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бейсенбай ақсақалдың айтуына қарағанда өткен күндердегі тіршіліктің бәрін сөге жамандаудың қажеті жоқ, өнегесінен үлгі алса, ешкімнің ешнәрсесі бүліне қалмайды: -Осы өз басым әйелдердің күтім-бабын тапсаң, ашсаң-алақаныңда, жұмсаң-жұдырығыңда тұрады дегендерге күдіктене, осал ма деп қараймын. Еркек болса, орысша кеткенде келіншектерінің туфлилерінің астында жүретін жігіттерге бір ақыл берер едім: әрдайым, әрқашанда Зайсан ауданындағы баяғыдағы бір кеңшардың бас зоотехнигі Қасымжомарттай болыңдар дер едім,-дейді тамсанып,-кеңестік кезде малшылар жайын, мал жайын біліп, шынайы тексеріп, шаруа бітіріп қайтарымызда Қасымжомарт: «үйге кіріп дәм татыңыздар. Құр ауыз кетесіздер ме?»-деді. Көп сөзге жоқ, тұйықтау, бірақ мақтаулы маманның үй тұрмысын көруге ынтық болдық. Өйткені зайыбы қыршаңқылау болса, о кезде партия ұйымдарына, басшыларға білдірмей ш
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Қаладағы үйдің бесінші қабатына баяғыда ауылда көзіміз үйренген «ДТ-54» тракторы еніп кеткендей қатты дүріл естілгенде өзім де «свежий газбен» (таза ауа дегенім ғой) сыртта серуендеуге дайын тұр едім, шыға келдім. Шықсам, қарсымда тұратын ақ пейіл орыс жігіті Коля алдымнан көрініп жайраңдап амандасты. Дүрілдеткен ол емес, төмендегілердің біреуі екен. Бірақ, Колямның есік тұсы да сары жағал тартып, шатырдан ептеп аққан жаңбыр суынан шайылып қалыпты. «Қолыңда күш бар, шатырға шығар есіктегі тесікті бекіте салмайсың ба, өзіңнің пәтерің ғой, қабырғасы салтақтанып құлайды ғой»,-дедім. «Құласа құлай берсін, құлағанда бірақ жөндеп аламын» деп көршім езу тартқан күйі төменге сып ете түсті. Бұл дабырды естіген ұлым соңымнан шығып, «ақылын» айтты: «Онда нең бар, әке? Құлағанда жөндеп алады»-деді. Шынында осы жастардікі дұрыс па деген күдікпен жұмған аузымды ашқаным жоқ. Алайда өмірлік бай тәжірибе түйсікгіңді молайтатынына көзім тағы б
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Хас батырда ұйқы жоқ, Хас сұлуда күлкі жоқ. Күлкі қайдан болады, Үйінде тұлдыр мүлкі жоқ. Тамағынан жақын жоқ, Мамада атың болмаса. Еркегінде тақым жоқ, Серікке сенсең сенімсіз, Шын көңілде салқын жоқ. Өзі қатты сараңдардың, Ешкімге айтар назы болмас. Келіні кей кемпір-шалдың, Көрер күні, жазы болмас. Жекжат берер бекер пұлдың, Көбі менен азы болмас. Құлақ жарар шәңкіл әуен, Тыңлағандай сазы болмас. Ұрыс көрген ұл мен қыздың, Мінезінің мәні болмас. Еттің бәрі жал болмайды, Бар сөз білген сал болмайды. Күйгелектің тез күні өтер, Ол қартайып шал болмайды. Жапырақ жайған қызыл мия, Саялайтын тал болмайды. Қара көже күбідегі, Ас болады, бал болмайды. Түйе түлік шыдамы мол, Бір шөккен соң мал болмайды. Науқас билеп кеткеннен соң, Шал-шауқанда әл болмайды. Тұрған іркіт тамақ қырнар, Тамақ болар, мән болмайды. Ақылы асқан зейінді ұл, Басына іс түссе батпан
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Балпық би бір жазда Ақтайлақ шешенге кездесіпті: -Сені Ақтайлақ екен десем, боқ тайлақ екенсің ғой,-дейді. -Сені мен Балпық екен десем, ақылы жоқ тантық екенсің ғой,-депті оған Ақтайлақ. -Пайғамбар ақ түйесін қайда жоғалтты, ал сен ақылды болсаң соны айтшы,-депті Балпық. -Ақ түйе жоғалтып іздеп жүрген пайғамбарды көргенім жоқ, сен көрсең, қане өзің айтшы,-депті Ақтайлақ. -Мен айтсам пайғамбар ақ түйесін жоғалтқан жоқ. Ақ түйе дегені ол жарықтықтың ақ көңіл, ақ ниет, ақ тілегі ғой. Әркімде сондай асыл қасиет болсын деңіз,-депті Балпық би.
Н. Төреқұлұлы
|
Қара кісі руының Жағал деген бір азаматы жасы сексенге келіп қартайып отырған кіші жүз Жахайым Жетес бимен әңгіме үстінде: -Иә, Жетеке, сіз сексенге келдіңіз, әрбір он жылды бір белеске қойғанда, не нәрсеге теңер едіңіз?-деген екен. Сонда Жетес Сәл ойланып алып: -Е, қарағым-ай, мен он жасымда асық ойнадым, қызығына тоймадым, қатар балалардың асығын ұтып қоймадым; жиырмаға келдім, бойға жетіп бойладым, онда да балалықты қоймадым. Жиырма беске жеттім, жақсы іске сүйіндім, жаман іске күйіндім, барымды бойға киіндім, сұлу қыз-келіншек болса, соған шүйілдім; отызға келдім: қызыл алтайы түлкі болдым, қыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, қатар құрбымның көңілін қалдырмадым; қырыққа жеттім: арғымақтай аңқылдадым, тау қырандай шаңқылдадым, ақ алмастай жарқылдадым, дариядай сарқылдадым. Елуге келдім: биік бір қара төбенің басына шықтым, алды-артымды тегіс көрдім, бірақ қай жағы алыс, қай жағы жақын екенін біле алмадым; алп
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Адамгершілік жағынан жетілу үшін, ең алдымен, жан тазалығын ойлау керек. Ал жан тазалығы жүрегіңнің қаншалықты әділ болуына байланысты. (Конфуций).
Сайтан біткен сырттай жақсылыққа түзу қараған сыңай танытады. (Р. Эмерсон).
Аузымен орақ оратын адамның шынайылықтан шет жүруі таңсық емес. (Т. Карлейль).
Тілінде тиегі жоқтардың бері беспелер ауылынан. Ең берісі жалған жымиып, босқа даңғырлайды. (Т. Карлейль).
«Өзіңді өзің қинап тіршілік туралы ойлармен бас қатырудың қажеті не, одан да ақша тап»-екі аяқты біткеннің бұрын-соңды айтқан ең кесірлі сөзі осы шығар деп ойлаймын. (Т. Карлейль).
Ертеде пайғамбарлар «әділетсіздік тағы» деп атаған сорақы жағдай адамдар заң күшімен жолсыздық жасауға кіріскен кезде туады. (Т. Карлейль).
Қолынан ештеңе келіп жарытпайтын адамның бар арманы-өзінен артық адамды көзге ілмеу. (К. А. Гельвеций).
| |