Воскресенье, 07.12.2025, 07:56
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Өмір өрнектері
« 1 2 ... 10 11 12 13 14 »
«Өзінің әлдеқашан қартайып қалғанын Алланың алдында да, адамның алдында да мойындағысы келмей, шал атанған бүгінгі бозбалаша әлем-жәлем киініп, «ел кезген есер кездегідей» жеңіл мінез көрсетіп жүрген қарттарды кім деп білеміз?
Тән мен жанның жасанды жастық көріністерін жасап, сахнада емес, өмірде әртіс болып жүру-ерлік пе әлде есерлік пе дегім келеді.
Біздің жас шағымызда егде тарта бастаған адамдар өздерінің кәрілігіне намыстанбайтын. Қартайып қалғанын жасыруға әрекет жасамайтын. Қайта қариялығын мақтаныш етіп, жұртқа байсалды жан болып көрінуге құштар еді.
Бізге олар ғасырға жуық өмір жолында ұзақ сапар шегіп, қияметтен қиын бел-белестерден сүрінбей, мәреге абыроймен жеткен сиқырлы жандар тәрізді көрінетін.
Әйтеуір біз білетін қариялар «қартайып қалдым» деп өкінбейтін. Қайта «Құдайға шүкір, қариялыққа да аман-есен жеттік-ау, бұған да тәуба» деп отыратын. Мұндай қарттар құманмен қолына су құйған балаларға: «ғ ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1055 | Добавил: модератор | Дата: 17.04.2010

Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен  ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңда аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтіп жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 940 | Добавил: модератор | Дата: 10.04.2010

Біздің қазақ халқы өзінің даласының кеңдігіне сай пейілінің дархандығы, құшағының ашықтығымен былайғы жұртты тәнті етіп, оларға үлгі-өнеге болып жүргендігі баршаға аян. Ол өзінің көңілінің жомарттығы әрі мәрттігі, берекелі қолының ашықтығымен де, өзгелерден оқшау тұрған ерекше құбылыс.
Әсіресе, өзінің ақтылы малында, киелі қазанында, қасиетті ас жаулығында беймезгіл келетін қонақтың еншілі сыбағасы бар деген түсінікті санасына мейлінше сіңірген ол қонақ күтуге келгенде алдына жан салмады. Тіпті құдіреттеніп кетеді. Бұл мінез үшін оны сөгетіндер де жоқ емес. Алайда келген мейманға жас ерекшелігі мен қадыр-қасиетіне сай көрсетілген сый-сияпаттың еш әбестігі бомаса керек. Керісінше оның астарында үлкен тәрбиелік мән-мағына бар.
Мәселен, ұлы қаламгер М.Әуезовтың айтуына қарағанда сыйлы қонаққа бас тарту дәстүрі дүние жүзінде Африкадағы бәдәуилер тайпасында және қазақтарда ғана сақталған көрінеді. Ал мұны «Қазаққа тән ерекшелік емес» ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 2004 | Добавил: модератор | Дата: 19.03.2010

Қай елдергі болсын әйелдер мен еркектердің өмір жасының орташа ұзақтығына қарасаңыз, әйелдердің еркектерден бес-алты жас артық жасайтынын көруге болады. Мұның себептерін дәрігерлер былай деп түсіндіреді: еркектер дәрменсіз болып көрінуден қорқады, о жер, бұ жерінің ауыратынын талайға дейін жасырып жүреді, еш уақытта дерлік дер кезінде көмек сұрамайды. Психологтардың пікірінше, олардың өмір жасының біршама қысқарақ болатыны нақ осыдан. Мысалы, ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін әйелдер  айғайлап болсын, жылап болсын, тағдырына налып, ашуын да, шерін де сыртқа шығарады. Еркек болса, бұған қарама-қарсы, көбіне ішіп алып, төбелесуден бастап жол оқиғасына дейінгі әйтеуір бір апатқа ұшырап тынады. 
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1055 | Добавил: модератор | Дата: 16.03.2010

Қыз ақылды ескермес-
Ана үлгісін көрмесе.
Ұл жарылқап ас бермес-
Әке үлгісін көрмесе.
Қорқыт ата

Қызыңды ерге бермей ұстама көп,
Өлерсің ауырмай-ақ күстана боп.
Жүсіп Баласағұни

Тай өссе-ат тынығады,
Ұлы өссе-әке тынығады.
Махмұд Қашқари

Ата тұрып, ұл сөйлесе-ер жеткені болар,
Ана тұрып, қыз сөйлесе-бойжеткені болар.
Сырым Датұлы

Баланың жақсысы-қызық, жаманы-күйік.
Абай Құнанбайұлы

Өсер бала өнегелі іске құмар,
Өнегесіз бала торғай қуар.
Құсанбек Әміров
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1176 | Добавил: модератор | Дата: 16.03.2010

Ей, Мұса, мен не қылдым саған, жарқын
Күшпенен тоздырдың ғой ауыл халқын!
Бұзауын ауылымның қырып салдың,
Көрерсің не болғанын істің артын

Мақтанба басыңызда бағыңызға,
Қартаймақ қиын сауда тағыңызда
Сізде де сорлы болу қиын емес,
Басыңнан бағың тайған шағыңызда.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 2340 | Добавил: модератор | Дата: 16.03.2010

Тек жүрмесін, көп ойлансын тірі адам,
Өмір, өлім арасы-тек бір адым.

Жүсіп Баласағұни
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1686 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

Он бестегі жасым-ай,
Жарға ойнаған лақтай.
Жиырмадағы жасым-ай,
Көлге біткен құрақтай.
Отыздағы жасым-ай,
Таудан аққан бұлақтай.
Қырықтағы жасым-ай,
Қырымдағыға көз салған
Байлаулы тұрған құр аттай.
Елудегі жасыңыз
Қайта көшкен ел екен.
Алпыстағы жасыңыз
Қоңыр салқын күн екен.
Жетпіс жасқа келгенде
Қараңғы тұман түн екен.
Жексен жасқа келгенде
Қазулы тұрған ор екен.
Тоқсан тұрған көр екен,
Өлімнен басқа жоқ екен.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1551 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

Көнеден келе жатқан Наурыз мейрамын қалың көпшілік жақсы біледі. Ол тойланып қана қоймай ел мен жер, салтымыз туралы ойлантатынын ұмытпаған жөн.
Атамекен. Туған жер.
Жеті жасқа толғанымда, әкем мені ауылдың төменгі жағындағы ескі үйдің жұртына апарып, жерге аунатты.
-Кіндік қаның тамған жер осы ара,-деді әкем.-Ұмытпа!
Атамекен бе?-дедім білмегенсіп.
Әкем басын шайқады.
-Атамекен деп ата-бабаның ежелгі қонысын айтады.
Ол алыста.
-Сонда қалай, атамекен мен туған жер екі бөлек нәрсе ме?
-Әрине. Сен осы ауылда дүниеге келдің. Демек, бұл туған жерің. Ал, атамекенің сонау Көкшалғынның бойы. Өйткені, туған-туыстарың сол жақта тұрады.
Мен сенер-сенбесімді білмей аңырап қалдым.
-Балам-ау, оның түсінбейтін несі бар?-деді әкем.-Мысалы, Болат інің Башқұрстанда туған жоқ па? Егер одан біреу атамекенің қай же ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1524 | Добавил: модератор | Дата: 23.02.2010

Адам әрқашан өзіндік адамшылық қасиеттерінен айырылмауға тиіс. Сондықтан да өз-өзін бағалай әрі саралай білу керек.
-Адам қандай да жағдай болсын, әрқашан да өз күшіне сенуі керек. Біреудің күші, ерте ме, кеш пе әйтеуір бір өшеді. Сонда не істемекшісіз? Сара жолды өз сеніміңіз ғана адаспай табады.
-Сіз «Жалғыздық жаныма батады»-деп  күйзелесіз. Адам баласының туғанда жалғыз, өлгенде де жалғыз болатынын ескерсек, (ада) жалғыздық-адамзаттың бәріне тән. Алда сізді әлі-ақ бақыттың алау таңы, нұрлы шапағатына сенім артыңыз.
-Әлде бір шешім қабылдамас бұрын, санаңмен кеңесуді ұйғарыңыз. Өткен кемшіліктеріңді еске түсіріңіз, сарапқа салыңыз.
-Өмір мен өлім арасында тағдыр атты жол бар. Осы жолда адал өмір кешу-әрбір пенденің парызы. Сол адалдық адамдардың бір-біріне деген достық махабатты оятып, әділет жолына сапар шектіреді.
-Тәңір қандай шексіз болса-адам дарыны да сондай шексіз. Тек сол дарынды игі істерге жұмсау керек ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 979 | Добавил: модератор | Дата: 23.02.2010

Биік ағаштың бұтағында ештеңе істемей ерігіп отырған қарғаға көзі түскен кішкентай көжек қызығып кетіп:
-Маған да осылай ештеңе істемей отыруға бола ма?-деп сұрапты.
-Отырғың келсе, отыра бер, оны менен несін сұрайсың?-депті қарға бір есінеп алып.
Көжек тура сол ағаштың түбіне отыра кетіпті. Сәлден соң маужырап, қалғи бастапты. Сөйтіп отырғанда түлкі келіпті де, көжекті бас сап ұстап...
Бұдан шығатын қорытынды: ештеңе істемеу үшін міндетті түрде өте биікте отыру керек!
Әзірлеген М. Қалибекқызы
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1092 | Добавил: модератор | Дата: 31.01.2010

Нағыз адам жер бетінде өзін қарыз адамдай сезінеді, әйтпесе ол масыл ретінде сезінуі тиіс еді.
Адамға-адам болу, ойлай болу, тыңдай білу-осы үш қабылет керек.
Өзі үшін ғана өмір сүріп, өзіне ғана пайда болысн  деген адам бақытты бола алмайды. «Өзің үшін өмір сүргің келсе, біреулер үшін өмір сүр»,-депті Сенеке.
Кісі болар кісінің
Кісіменен ісі бар.
Кісі болмас кісінің?
Кісіменен несі бар,-деген Ақсуат би.
Адам ағын су емес. Аығн су артына қарай алмайды. Артыңа қара, ізің қандай болып түсіпті, үңіл.


М.Кемел. «Ақыл қалта»,- кітабынан «Аударма» баспасы, Астана, 2007ж.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 2525 | Добавил: модератор | Дата: 31.01.2010

(Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі Майра Мұхамедқызының «Мен өкініші жоқ әйелмін» деген сұхбатынан. Сұхбаттасқан А. Сапарбаева, «Жұлдыздар отбасы» журналы, қаңтар, 2010 жыл)
-Осынша жетістікке жетуіңіз бойыңыздағы қай қасиеттің арқасында мүмкін болды деп ойлайсыз?
-Еңбекқорлық және үнемі іздену деп білем. Қандай да бір нәрсені қатты қалап, армандасаңыз, армандап қана қоймай, сол жолда тынбай еңбектенсеңіз, оған жетпей қоймайсыз. Алла тағаланың кеңдігінде шек жоқ, кішкене ғана нәрсені сұрасаңыз, үйіп-төгіп береді. Бізді аяқтан тартатын жалқаулық. Мен бір қытай азаматын білетінмін. Жағдайы болмағандықтан, қоғамдық әжетхананың жанындағы бір тар бөлмеде  ағылшынша оқып отыратын. Қанша адам әжетханағы кіріп-шығып жаттады. Әлгі жігітке ол жердің иісі де, жұрттың шуылы да сезілмеді. Өйткені, ол өзінің мақсатының түбіне бойлап кеткен. Қазір сол жігіт Швейцарияда тұрады. Үлкен бір ғылыми зерттеу жүргізіп, аты шыққан ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1133 | Добавил: модератор | Дата: 31.01.2010

Бір қарт адам орманға барып, біраз отын дайындайды. Текшелеп жиған отынын арқасына байлап, үйіне қарай аяңдайды. Ұзақ жол жеткізбей қояды. Оның үстіне арық жауырынына ағаш та батып, берекесі қашады. Әбден қалжырайды. Сосын тынықпақшы болып, отынын арқасынан түсіріп, ағаш түбіртегіне отырады. Әрі беріден соң:-А, Құдай, маған өлім бере гөр! Мына азаптан құтқар мені!-деп жалына айғайласа керек. Ғайыптан тура алдында Ажал пайда болыпты. Бірден өзін неге шақырғанын сұрапты. Сонда қария:-Мына отынымды үйіме жеткізіп салшы деп айтайын деп едім,-десе керек.
Қанша күрделі болса да өлімнен гөрі өмір артық. Адамдар өмір сүргісі келеді.

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1305 | Добавил: модератор | Дата: 27.01.2010

Неше күн ас ішпей, қарны қабысқан түлкі жортып келе жатып, жол жиегінде пісіп тұрған жүзім дестесін көреді. Сілекейі шұбырып қоя береді. Жүзімі салбыраған қалың бұтаға жақындай түседі. Әрлі-бері әуреленіп, жүзімнің дәмін татқысы–ақ келеді. Бірақ бойы жетпейді. Жүзім тым биікте екен. Амалсыздан сапарын жалғастырады. Кетіп бара жатып өзіне-өзі:
-Әлі піспеген, көкпеңбек жүзім ғой,-депті.
Кей адамдардың өзінің іскерлігі, білім, пайымының жетпегенінен ойына алған биікке шыға алмағанын өзінен емес, өзгеден көретіні, әр түрлі жағдайды сылтау ететіні мысалға негіз болған.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 2766 | Добавил: модератор | Дата: 27.01.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz