Воскресенье, 07.12.2025, 06:36
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 25
Гостей: 25
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Өмір өрнектері
« 1 2 3 4 ... 13 14 »

Күнделікті өмірде елеп ескерілмей жататын әр нәрсенің қасиеттері көп екенін ұмытып кететініміз бар. Мәселен, Көкшетау қаласынан қолына қалам алып Айзат Игемберді көпшілік таңданатын осындай жәйіттерге тоқталады. Мұның дұрыс-бұрысын мамандар айта жатар, әйтеуір қызықты деректер, қысқаша тоқталсақ еріксіз назар қоясыз: асыл тастардың емдік және ерекше қасиеттеріне келетін болсақ:
-Алтын өмір жасты ұзартады, қарт адамдардың бойына қуат береді, қауіпті аурудан қорғайды, уланғаннан емдейді.
-Күміс шиқан сырқаттарын, ірің мен қанды кептіреді.
-Мыс іріңді, қанды кептіреді, өкпе мен бауырдың қызуын түсіреді.
-Алмаз ізгілік пен ерлікті бейнелейді. Көкшіл реңді асыл тас жас аналардың бойтұмары іспеттес болады.
-Жақұт опасыздық пен қорқыныштан қорғайды. Сүйген жанын өзіне қарату үшін европалық әйелдер жақұт ұшқынымен магни ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 692 | Добавил: модератор | Дата: 03.12.2015

 (Мамандар кеңесі)

Қай ата-ана болмасын баласының тәртіпті, алғыр, зейінді болғанын қалайды. Олай болса баланы осылай тәрбиелеу керек. Бұл ретте психологтар мынадай кеңестер береді.

-Баланың  жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.

-Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.

-Егер ол шығармашылық іс-әрекетпен айналысып отырған болса, шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз.

-Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету керек.

-Балаңыздың кемістік ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 721 | Добавил: модератор | Дата: 02.11.2015

Өмірде әртүрлі жағдайлар жатады ғой. Кейде көзге көрініп тұрған нәрсенің пайдасын елеп-ескеріп жатпайтынымыз рас.
Мәселен, сарымсақ (чеснок) туралы осылай деуге көп негіз бар.
Сарымсақ адам ағзасындағы зиянды майларды ерітеді, қан қысымын төмендетеді. Одан басқа, жыныстық белсенділікті арттырады, етеккірді жақсартады.
Ерекше жағдай
Сарымсақ адам дансаулығына жан-жақты пайдалы болғанымен ВИЧ-ке қарсы егілген, қабылданған дәрілердің белсенділігін жояды екен. Бұл жөнінде америкалық бір топ фармацефт ғалымдар өздерінің зерттеулеріне сүйеніп айтқан.
Сарымсақтың құрамы.
Сарымсақ иісі жағымсыз болғанымен өте пайдалы. Ол жайлы жоғары да аз да болса  жаздық. Енді құрамына тоқталайық.
Сарымсақтың құрамында В және С тобына жататын дәрумендер, магний, фосфор, йод, кальций, хлор, темір, марганец, мыс, көмірсулар және тағы да басқа микроэлементтер бар. Басым ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 885 | Добавил: модератор | Дата: 06.07.2015

Мектептерде оқу жылы аяқталып қалғаны баршаға мәлім. Осыған сәйкес оқырмандарымыздың бірі бастауыш сынып мұғаліміне арнаған құттықтауын осылай атапты. Аты-жөндері толық көрсетілмегенімен ата-аналардың ұстаздарға дегн жылы ілтипаты айқын сезіледі, сондықтан толықтырмай-ақ түзетусіз жариялап отырмыз.
Уақыт өтіп бара жатыр желдетіп,
Кішкентайлар  келе жатыр ер жетіп,
Ойлап тұрсақ бұл өмірде тоқтау жоқ,-
Тек шаршама, жалауыңды өрге тік!

Өрле алға, өрімдей бір жастармен,
Денің сау боп, қызметіңмен қастерлен,
Бала-шағаң, үй-ошағың, ағайының аман боп,
Атың шықсын өнегелі істермен!

Төрт жыл бойы көрінді маңдай терің,
Бастауышты бітірді өрендерің,-
Ата-аналар жиналды риза боп,-
Көргендей қатар жүрген кемеңгерін!

... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 688 | Добавил: модератор | Дата: 16.05.2015

Үлкенді-кішілі қызмет қамымен жақын жатқан елді мекендердің бірінен жаңа ұзағанымда жол шетінде тұрған бір жігіт ағасы «мені де ала кетіңізші» дегендей қолын көтерді. Жеңіл мәшинемнің есігін ашып қасыма отырғызғанда Өскеменге бет алғанымызды тағы бір пысықтады. Адамды жатырқамайтын жан екен.  Тым-тырыс, қабақ түйіп отырмай, өзінің шаруа жайынан хабардар етіп жатты. Өзінде де мәшине бар екен, соған бір қажетті бөлшектерді  қаладан таппақшы: күнде шыға бере алмайтын көрінеді, шаруа қожалығында әр алуан жұмыстар істейді екен, бастықтары-өздерінің ауылдас жолдас-жоралары сияқты,  бұрын кеңшарда бригадир болып істепті, өнерлі жігіт көрінеді...
Неше түрлі қызметтерге шақырды, ұзап шыққысы келмейді, сұрасаң : «сол өзім үйренген жұмысымды істеймін» дейді де қояды,-деп бір тынды да, неге екені белгісіз күліп жіберді. Кішігірім бір ауылдың қасынан өтіп бара жатыр едік, бір «әгірөттің ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 827 | Добавил: модератор | Дата: 12.04.2015

Әкем жас кезінде аң-құс аулаумен айналысатын. Оның әуесқойлықпен айналысқан бұл ісі кейін емделуге қажетті шикізаттың көзі болып табылды. Соның бірі-асқазан ауруын емдеу.
Қолдану және дайындау әдісі. Асқазан тамақтанған сайын кейіп, ас сіңбей, ішкенде түгел құсып ауырған кезде 1 литр борсық майын суға құйып, жарты сағат қайнатып, екі сағат тұндырады. Әбден суыған соң су бетіндегі майды қалқып алып, қайтара суға сол әдіспен қайнатады. Осы әдісті үш рет қайталайды. Әр жолы судың астына майдың керексіз бөліктері түсіп, май тазарып отырады. Үш рет қайнатылған соң мөлдір түс алады. Соны таңертең ашқарынға 300-400 мл мөлшерінде түгел ішеді. Мұндай сұйық май, әдетте асқазанда көп тұрмайды. Көбінесе оны адамдар құсып тастайды. Құсу кезінде асқазанға байланған, асқорытуға кедергі келтіріп тұрған заттар қопарылып түседі. Содан соң науқастың жағдайы жеңілдеп, тамақ, сорпа ішіп, көптен қинаған сырқаттың і ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 668 | Добавил: модератор | Дата: 16.03.2015

  Алтай бойын мекен еткен Қаратай елінде өткен ғасырда Өмір деген батыр болыпты. Ел ішінде болып тұратын дау-жанжал қақтығыстарда сөз бермеген Өмірге ауыл арасындағы ойын-тойда құрбы-құрдастарының ешқайсысы да қарсы келіп, күш сынаса алмайды екен. Замандастары Өмірді әзіл-қалжың сөзбен жықпай болып ақылдасыпты да, бір күні жұрт жиналып отырғанда, есіктен кіріп келе жатқан Өмірдің етегінен бір қу жігіт «арс» етіп ала түсіпті. Қаперсіз келе жатқан Өмір қапелімде оны ит екен деп ойлап, селк ете түседі. Сонда отырған жігіттер ду күліп:
  -Сені жұрт батыр деседі, анық қоян жүректің өзі екенсің ғой, «ауп» дегенде селк етіп, құлап қала жаздадың,-депті.
  Сонда Өмір:
  -Сендер қызықсыңдар, жақсы ат үрікпей ме екен?-деп жұртты кідіртіп тастапты.

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 704 | Добавил: модератор | Дата: 20.01.2015

  Бүгінгі таңда компьютерсіз жұмыс істеу мүмкін емес. Бірақ оның зиянды жақтары да жетіп артылады. Ең біріншіден, компьютер адамның көзін қызартып, шаршатып жібереді. Сондықтан кешкісін жұмыстан келген соң өзіңізге 10-15 минут уақыт беріп, көзге компресс жасаңыз. Ол үшін шикі картопты тілімдеп кесіп, екі қабағыңызға қойыңыз. Осылайша көзді жұмып, 5-6 минуттай жата тұрыңыз. Көзге арналған осы компресті күнделікті жасап отырсаңыз, көз жанарыңыз шаршамайтын болады.
Күнделікті көзге қара немесе көк шай тұнбасынан жылы компресс жасап отыру да өте пайдалы. Көзге кішігірім 2 дорбаша тігіп алып, оның ішіне шайды салып, қолданар алдында ыстық суға батырып алыңыз. Компресті жылы күйінде пайдалану керек. Сондай-ақ дәріханалық түймедақ гүлінен де компресс қоюға болады. Бұл компрестер көздің шаршауын басумен қатар көз айналасына түсетін әжімдердің алдын алады.
Зульфия Отарбаева,
Зырьян қаласы ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 725 | Добавил: модератор | Дата: 23.12.2014

  Ежелден медицина ғылымының атасы атанған Авиценна 980 жылы 16 тамызда дүниеге келген. Шын есімі-Абу Али Хусейн ибн Сина. Авиценна өмір бойы медицина саласында қызмет атқарған. 16 жасында оны әмірші Бұхараны емдуге арнайы шақыртады. Содан бастап Ибн Сина сарай дәрігері болып қызмет жасайды. Оны бекер «дәрігерлердің басшысы» деп атамаған. Авиценна өз өмірбаянында «Мен медицина саласын меңгере келе, білімімді науқас адамдарды бақылай отырып жетілдірдім. Оқығаныма тәжірибе қоса отырып, кітапта жазылмаған дүниелерді үйрендім» деп жазады Мақала «Массагет. кз» сайтынан алынды...
Авиценнаның 1000 жыл бұрын жазып қалдырған өсиеттері 21 ғасырда да құнын жоймай, өз орнын табуда. Денсаулығы мықты болғысы келетіндер үшін ежелгі дәрігерлердің ақылды кеңестерін ұсынамыз.
Дұрыс тамақтану жайындағы Авиценна өсиеттері «Ауру-астан» деген біздің халықтың даналығымен үндеседі:
... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 958 | Добавил: модератор | Дата: 08.11.2014

Темекі тартудың адамның өзіне де, оның төңірегіндегілерге де зиянды екенін қазір жұрттың бәрі біледі. Алайда бұл зиянды әдетті қойып кетудің де оңай емес екені белгілі. Дүние жүзінде темекі тартуға қарсы күресті алғаш бастаған елдердің бірі Финляндия болатын. Тіпті осы елдің өзінде күн сайын бір миллионға жуық адам темекі сатып алады, яғни әрбір үшінші еркек пен әрбір бесінші әйел темекі тартады.
Кейінгі уақытта бұл елде темекі тартатындардың өз денсаулығын сақтап қоймай, Гавайя аралдарына тегін он күн саяхаттап қайтатындай да мүмкіндігі пайда болды. «Темекі тартуды ада-күде қойдым әрі ұтысым да бар» деген атпен өтетін конкурста жеңіп шыққан адамға ілгерідегідей жүлде берілетін болды. Бұл туралы Хельсинкиде шығып тұратын «Хювюдстадсбладет» газеті хабарлады.

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 860 | Добавил: mrsalinger | Дата: 13.09.2014

Әлеумет танушылардың айтуынша отбасында бақытты боламын дегендер жұбайлар арасында кездесетін «жаулардан» сақтану қажет. Оның біріншісі-отбасындағы өзімшілдік. Екіншісі-зайып жатырқауы.Үшіншісі-рухани бейшаралық.
Біріншісі жауы- отбасының ізіне өмір бақи түсіп, іштей аңдып, түбінде ажыратпай тынбайды.
Екінші жауы-жұбайлардың ортасында түнейді, құрылған шымылдық оңып, бала-шаға мектеп жасына келгенде тұзағына түсіреді.
Үшінші жауы-ерлі–зайыптыларды ержетіп үй болғанда, немере сүйіп, зейнет жасына жеткенде тұзағына ілігеді. Одан құтылу тіпті қиын. Отбасында бақытты боламын деген адам осы жаудан жырақ жүргені жөн.  

 

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 949 | Добавил: модератор | Дата: 24.07.2014

  Үндістанның әйелдерге арналған «Фимина» журналы «Бақытты болудың 100 тәсілі» деген мақала жариялапты. Онда отбасылы адамдардың тыныс тіршілігін зерттейтін Макалакшми есімді маман қайғы-мұңсыз болудың жолдары жайлы мынадай кеңес береді:
-Отбасылы болғанға дейін жеке өмірімде үлкен бір жетістікке ие болуым қажет. Сол үшін күресемін.
-Мен үйлену тойыма қаражатты көп шашпаймын. Қайта ондай шығынға жеке шаруашылық ұйымдастырамын.
-Мен тек қана өзімнің күш-қайратыма сенемін. Жұбайымнан көп нәрседен үміт күтудің қажеті жоқ. Өйткені ол көп талап-тілектерден мезі болып, көңілімді қалдыруы мүмкін.
-Мен жұбайымның жақсы қасиеттерін ашуға тырысамын.
-Оған өз жұмысы, мансабы әр түрлі мүмкіндіктерді қалай пайдалану керектігі туралы кеңестер беруден аулақпын. Мен мұндай данышпандық ойларды, пайдалы кеңестерді өзіме пайдаланғаным абзал ғой.
-Жұбайыммен кейбі ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 962 | Добавил: модератор | Дата: 18.05.2014

  Швеция тұрғыны Томас Хольмберг пәтерін тонамақ болған 21 жастағы ұрыны пәтеріне шақырып, оған ыстық ықылас танытқан және кофе қайнатып, қонақ ретінде күтіпті.
  Оқиға былай болған. Түн ортасында жас жігіт Хольмбергтің пәтеріне балкон арқылы кірмек болған. Пәтер иесі мен оның зайыбы тасыр-тұсырдан оянып, балконға қараса, онда тұрған бейтаныс адамды көреді. Балконды ашқан пәтер иесі ұрыны ішке кіргізеді. Оны ас бөлмесіне шақырып, кофе ұсынады. «Ол бақытсыз адам кейпінде болды,-деп айтады Хольмберг.-Тоңған екен, бір жұтым кофе оған керек екенін білдім де пәтер ішіне кіргізуге шешім қабылдадым». Оның бұл ұсынысына ұры қарсы болмапты, кофені ұрттай отырып ол тонауға әрекеттенгені үшін үй иесінен кешірім сұраған екен. Еш қарсылық танытпай, ұры полицияның келуін де күтіпті.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 826 | Добавил: модератор | Дата: 02.03.2014

  Австралиялық, жапониялық және қытайлық ғалымдар альцгеймер ауруының меңдеуіне жол бермейтін гүлдерді анықтады. Олар: бәйшешек, запырангүл  (шафран), зағыпыран (крокус), лаванда, сүттіген және нәркес.
 Ғалымдардың айтуынша, бәйшешектің құрамындағы галантамин қосындысы ағзада нейрондардан тарайтын хабарламаларды жеткізуші ацетилхолин концентрациясын арттырады. Сөйтіп, ақыл-ойдың тежелуіне қарсы тұрады. Ал запырангүл өсімдігі адамның көз жасушаларын жақсартады. Сидней университетінің мамандары запырангүлдің ми жұмысына серпін беретін де дәлелдеген. Токио университетінің ғалымдары болса, запырангүл құрамындағы түске жауапты кроцин затының есте сақтау, ойлау қабілетін арттыратынына көз жеткізген. Альцгеймер ауруына қарсы зағыпыран, лаванда, сүттіген, нәркес гүлдері де ем бола алады екен. Айталық, сүттіген ұмытшақты ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 945 | Добавил: модератор | Дата: 29.12.2013

  Флоренция институтының ғалымдары күйеулерінің көзіне шөп салатын әйелдерге арналған дәрі жасап шығарды. «Female fidelity» деген атау алған дәрі әйелдің эндокриндік және жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді екен.
  Ғалымдардың айтуына қарағанда, әйелдің әлгіндей ұятты тірлікке баруы оның эндокриндік және жүйке жүйесіндегі ауытқушылықтан туындайтын көрінеді. Ал жаңадан олай табылған дәріні қолданған әйелде қалыпты гормоналдық тепе-теңдік сақталады екен.
Аталмыш препарат құрамында әйелді тек бір ғана еркекке қарататын, гормондық деңгейін реттейтін тестостерон мен нейростимулятор бар.

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 957 | Добавил: модератор | Дата: 23.10.2013

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz