Адамның жаттап алғанының бәрі мәңгі есінде сақталып қалмайды, көбі ұмытылады. Әрбір адам ұмытшақтыққа қарсы күресу үшін мынандай негізгі ережелерді есінде сақтағаны жөн.
1. Ұмытшақтықпен күрестегі негізгі әдіс-қайталап отыру. Адам жаттап алғанын, оқығанын, білімін қайталап нығайтып отырмаса, бәрін де бірте-бірте ұмытады.
2. Жатталған нәрсе бастапқы кезде тез ұмытылады. Сол себепті оны 5 және 10 күннен кейін қайталап көрсе, бастапқы 5 күнде ұмытылғаны кейінгі бес күнде ұмытылғанынан әдеуір артық болады.
3. Жатталған нәрсені ұмытып кеткен соң қайталау пайдасыз, ұмытпай тұрып қайталау қажет.
"Шипагер"№10 (10), 18 мамыр, 2011жыл