Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көздің құрты түскіш келеді. Ал халықта: «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген мақал бар. Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолыңдағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап, жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей, жауып, жария етілмейтінін қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етікті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды. Ешкіммен барқылап ұрыспа, бағаңды жоясың. Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлеу-дарақылық белгісі. Кемшіліксіз болмайды, оны көруден оңай жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес. Қыздың қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр. Ауыз шешендік әркімде болады. Әсіресе қыздың аузы сүйре
...
Толығымен (Подробнее)»
| |