Жүрек тербер, сезім қоздырар қазақтың халық әндеріне, немесе мақал-мәтелдеріне бір сәт көңіл аударып көрелікші. Нені меңзеп, не айтар екен?!Ана тілі мен қазақ қызы. Маған осы екі сөз бір-бірінен ажырағысыз табиғи тұтасып кеткен киелі ұғым тәрізді көрінеді. Аңғарғанға ананың ақ сүті мен аялы алақанысыз ана тілінің қанат жаюы мүмкін бе, сірә. Меніңше, мүмкін емес.Мен бұл тақырып бойынша сөз қозғау үшін көп ойландым, көп толғандым. Қазақтың халық өлеңдері мен мақал-мәтелдерін, ертегі-аңыз әңгімелері мен эпостық жырларды, қазақ жазушылары мен жыраулар дүниелерін, ғұламалар толғауларын шарлап шықтым. Өз аналарымыз бен әпке, қарындастарымыздың тағлымға толы табиғатын барлап, көз алдымызда, алақан аясында өскен және білім, ғылым саласындағы қыздарымыз бен немерелерідің алып отырған тәрбиемен өнегесін ой әлемінен өткізіп, саралап шыққандай болдым.
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1228
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
12.02.2012
| |