Орманбек батыр бірде Қашағаннан:-Қарадан хан туа ма?-деп сұрайды.-Ешкім анадан хан боп тумайды. Хан болу адамның даналығында,-деп жауап беріпті Қашаған би.***
Бірде атақты бай:-Қашекем, армандамайтын адам бола ма?-дегенде.-Армандамайтын адам жоқ. Қол жетпейтінді армандағанша, еңбегіңмен жететіңді армандап, зейнетін көрген жақсы,-депті.***
Орман шешен Қашаған биден:-Қашекем кімді пір тұтасыз?-деп сұрағанда:-Анам мен әкемді, елім мен жерімді пір тұтамын,- деген екен.
| |