|
Досыңа ат берме Ат берсең ақырын жүр деме.
Айырылар дос, аяулыңды сұрайды.
Жаңа дос келгенде, Ескі достың көзінен жас шығады.
Мал көтерер өлімді Дос көтерер көңілді.
Ат барда, есекке жол болсын, Дос барда есепке жол болсын.
Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан.
Дос сыртыңнан, мақтар, Дұшпан көзіңе мақтар.
Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.
Қалған көңіл-шыққан жан.
Дұшпаныңнан бір сақтан. Жаман достан мың сақтан.
Достың көңілі бір атым Насыбайдан қалады.
Жақсы дос пайдасын тигізбесе де, Зиянын тигізбейді.
Жаман дос алдыңды орап, Жүргізбейді.
Қайғың болса досыңа бар, Қарның ашса қосыңа бар.
Есептескен дос болмас. Жалғасы бар...
|