Бұқаралық-ақпарат құралдарының жарияланып жатқан медициналық жаңалықтарына көз салсаңыз, адам тәулігіне 8 сағат жұмыс істеу керек. Одан артық жұмыс ағзаға, санаға салмақ түсіреді. Тәуліктік 8 сағаттың өзінде адам кемінде 3 рет үзіліс жасап, қимыл-қозғалысты көбейтуі керек. Дегенмен соңғы зерттеулер өткен ғасырдың 80-жылдарымен салыстырғанда адамдарда қимыл-қозғалыс 40 пайызға азайғанын, ал отырықшы жұмыс істейтіндердің қатары 70 пайызға артқанын анықтапты.Әрине, мұның бәрі заманауи техниканың арқасы, адамның ары-бері жүгіруі азайды деп мақтанармыз. Алайда мұның зиянды жағы басым болып барады. «Медикал биллинг энд кодинг» ұйымы түрлі медициналық зерттеу жүргізіп, қозғалысы аз өмір салты адамды қатерлі ісік, жүрек-қантамыр, диабет ауруларына алып келеді деген тұжырым жасады. Мамандар зерттеу кезінде 3 жыл бойы тәулігіне 6 сағаттан артық бір орында отыратын адамдар мен үнемі қимыл-қозғалыс
...
Толығымен (Подробнее)»
| |