Қазақ қыздың өз жұрты мен бірге қайын жұртының да тәрбиеге жауапты екенін қатты сезінеді. Оның қандай елге, қандай отбасына келін болып түсуіне көп нәрсе байланысты. «Жақсы елге түскен келін, келін, жаман елген түскен келін келсап». Бұл жерде қайын ененің рөлі көріне бастайды. Көбінесе «келіннің қайын ене топырағынан жаралғандай» болып келуін қалайды. Шынында көргенді елден шыққан қыздың көсегелі елге тап болуы зор бақыттың кепілі.Жас келіннің бетін ашу рәсіміне қазақ халқы ерекше мән берген. Мұндағы мақсат ақынның астарлы да ойлы, көркем де шебер тілмен жас келінге келген жерінің үлкен-кішісімен, ел-жұртымен таныстырып ізет-құрмет күтуі өзге елдерде бола бермейтін ұлтымызға тән тамаша дәстүрдің бірі. Бұл мәңгі есте қалар, ұмытылмас сәттер. Сондықтан «келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» дейтін нақыл сөз көптің көкейінде қалып қойған. Сөйтіп келген жерінің тәрбиелік мектебінен өте бастайды.
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1124
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
29.02.2012
| |