Воскресенье, 07.12.2025, 07:56
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Әзілдер
« 1 2 ... 6 7 8 9 10 »
-Әке, мен үлкен болғанда не істегім келсе, соның бәрін істей аламын ба?
-Жоқ, балам. Онда сен үйленіп қоясың...
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1130 | Добавил: модератор | Дата: 07.03.2010

-Вася, сенің қарындасың неліктен тіс дәрігері болуды ұйғарған?
-Оған еркектердің өзіне қараған кезі қатты ұнайды, әсіресе қарындасым еркектер оған ауыздарын аңқайта ашып, көздерін бадырайта қараса сүйініп қалады
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1047 | Добавил: модератор | Дата: 07.03.2010

-Менің ұстарама не болған, мүлдем өтпей қалыпты?
-Қойшы қайдағыны айтпай, қарындаш ұштауға келгенде, сенің сақал-мұртыңа өтпей қалып па?
Категория: Әзілдер | Просмотров: 915 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

Елсіз аралда қалған екі еркектің біреуі екіншісіне:
-Бұл тұстан бірде-бір кеме өтпейді. Осы қалғанымыз қалған ғой,-деді қапаланып.
-Сені білмеймін,-деп жауап қатты екіншісі,-ал мені қайдан болсын таппай қоймайды: алимент төлейтін адаммын.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 927 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

-Балалар,-деді мұғалім өзінің шәкірттеріне,-демалыс күндерінде тындырған ең жақсы екі істеріңді айтып беріңдерші.
-Сенбі күні үлкен апайдыкіне қонаққа бардым, ол кісі өте қуанып қалды,-деп бастады Сәрсен.
-Оның жақсы болған екен, Сәрсен. Ал екінші жақсы ісіңді айта ғой.
-Жексенбі күні апайдікінен үйге қайттым, апай одан бетер қуанып қалды.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 932 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

Теңізде келе жатқан кеме апатқа ұшырап батып кетеді. Жандәрмен дегенде ақырғы күшін салып елсіз шағын аралға жеткен еркектің алдынан бұл да осы аралға жетіп зорға тірі қалған әйелі шығады:
-Бір тәулік бойы тентіреп қайда жүрсің? Кеменің батқаны кеше емес пе!

Р. Шаймерденов
Категория: Әзілдер | Просмотров: 910 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

Профессор емтихан үстінде студентке былай деп сұрақ қояды.
-Мысалы, айдалада ат басындай алтын не бір дорба ақыл тапсаңыз, қайсысын алар едіңіз.
-Алтынды,-деп жауап береді студент.
-Мен болсам ақылды алар едім.
-Енді әркім өзіне зәруін алады ғой.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 884 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

Шөл далада әрең ілбіп келе жатқан жолаушының аяғына құмға көміліп жатқан құмыра ілігеді. Бір пайдасы болар ма екен деп тығынын ашқанда, еңгезердей бір жын шыға келеді.
-Не бұйырасың, әміршім?
-Үйіме жетсем бе деп едім.
-Жарайды, жүгірейік.
-Тезірек жеткім келеді.
-Е, онда жүгірейік...
Категория: Әзілдер | Просмотров: 909 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

-Кеше неғып келмей қалдың? Кеш бойы тостым.
-Жете алмадым емес пе.
-Айтып түсіндіргенім қайда: жүз қырық екінші автобуспен соңғы аялдамасына дейін деп?
-Ұқтым ғой, екі сағат санап тұрдым, жүз-ақ автобус өткеннің өзінде әбден қараңғы түсіп кетті.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 931 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

-Дәрігер мырза, тез жете көріңізші. Келіншегімнің соқырішегі ұстап қиналып жатқаны.
-Абыржымаңыз, бұдан екі жыл бұрын әйеліңізге операция жасап, соқырішегін алып тастағанбыз. Адамда екінші соқырішек болуы мүмкін емес.
-Дұрыс айтасыз. Бірақ адамның екінші рет үйленуі әбден мүмкін ғой.
 
Р. Шаймерденов

Категория: Әзілдер | Просмотров: 811 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

Қазақтың белгілі ақындары Құлыншақ пен Майлықожадан жұрт өз аттарыңды кірістіріп бір ауыз өлең айтыңдаршы деп өтініпті. Сонда Құлыншақ:
-Майлы-Майлы дегенмен май болмадың,
Жұрттан жинап алғанмен бай болмадың,-депті. Сонда Майлықожа іле жалғастырып:
-Сен Құлыншақ болғалы талай болды,
Я құнажын, я дөнен, тай болдмады,-депті.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 2127 | Добавил: модератор | Дата: 06.02.2010

Бір бай құрбандыққа  қой шалыпты. Онысы өте семіз шығыпты. Құрбан иесі қуанып кетіп:
-Аппақ май, семіздігі нақ шошқадай екен!-дейді, сонда қасында отырған батагөй молда:
-Бұл қой енді арам болды. Құрбандыққа жарамайды,-дейді.
Бай амалсыздан екенші қой әкеліп сояды. Ол қой да семіз шығады. Құрбан иесі:
-Молда-еке, кесерге қарасы жоқ. Әлгі бәлеге ұқсауын ұқсайды, тек атауға болмайды,-депті.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 957 | Добавил: модератор | Дата: 06.02.2010

Бір жалқау далада жаяу келе жатып, сүрініп жығылыпты. Орнынан тұрып, жөніне жүріп келе жатып, тағы сүрініп жығылыпты.
-Әттегене-ай, екінші рет жығылатынымды білсем, алғашқы жығылғанымда орнымнан тұрмаған болар едім,-деп өкініпті.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1007 | Добавил: модератор | Дата: 06.02.2010

-Сіз кім боласыз?
-Депутатпын.
-Ұялсаңыз етті! Деніңіз сау, күш-қуатыңыз бойыңыздағы азаматсыз! Одан да жұмыс істемейсіз бе?
Категория: Әзілдер | Просмотров: 978 | Добавил: kemel | Дата: 15.12.2009

Бастық қарамағындағыларға қалжың айтып тұр екен, бәрі ду күліпті де, тек біреуі ғана күлмей қалыпты. Одан қызметтестері:
-Сен неге күлмедің?-деп сұраса:
-Маған күліп не керегі бар, бәрібір ертең жұмыстан шығайын деп отырмын ғой!-деген екен.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 958 | Добавил: Чайник | Дата: 15.12.2009

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz