Воскресенье, 07.12.2025, 06:32
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 13
Гостей: 13
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Әзілдер
« 1 2 3 4 ... 9 10 »
Ұлылар сөздерінен
Адамға табиғат берген дүниеден артық ештеңенің қажеті жоқ. Ақша жағын есептемегенде...

Түйсік
Әйел затына түйсік, еркекке не керек екенін оның ойына кірмесе де, білуге арналып берілген.

Ай сияқты...
Адам Айға ұқсайды-оның да ешқашан ешкімге көрсетпейтін көлеңке жақтары бар.

Марк Твен

Теориялар
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 779 | Добавил: модератор | Дата: 29.08.2013

Желпеуіш
-Желпеуіштеріңіз қанша тұрады?
-Біреулері-он крон, басқалары он сегіз.
-Бағалары менімше, сапасына байланысты-ау, сірә?
-Олай деуге келмес. Он сегіз крон тұратын желпеуішпен желпіне аласыз. Ал он крондық желпеуішті алдыңызға мықтап ұстап тұрып басыңызды оңды-солды шайқап тұрасыз... Сөйтіп желпінесіз...

Ұрлық
-Мәшинеңіздің ұрланғанын қалай білдіңіз?
-Кеше кешке мейрамханадан шыққанда білдім: есікті аштым да рульге отырғам, енді жүрейін десем, мәшинем жоқ...

Категория: Әзілдер | Просмотров: 842 | Добавил: модератор | Дата: 15.08.2013

  Бір молда суға ағып барады екен. Шығарып ала қоймақ боп, біреу жүгіріп барып оған:
  -О молдаеке, қолыңды бер! Қолыңды бер!-дейді. Молда қолын берудің орнына кейін шегіне береді. Суға бір батып, бір шығып, тіпті су түбіне кетуге айналады. Молданың әдеті беру емес, алу екенін жақсы білетін біреу:
  -Молдаеке, мә, мә!-деп қолын соза қояды. Сонда молда ілгері ыршына ұмтылып, ұсынған қолдан шап беріп ұстай алыпты.
(«Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен»)

Категория: Әзілдер | Просмотров: 868 | Добавил: модератор | Дата: 02.08.2013

  Қан сонарда екі-үш кісі бір қасқыр соғып алады да, бұл қайсымызға лайық деп кеңеседі. Аңшылардың бірі молда екен, ол молдалығын бетке ұстап қасқыр маған тиісті деп өзеуреп болмайды. Өгелері лажсыз көнеді:
-Жарайды, молдеке, сізге байлайық!-дейді.
  Сол кезде көлденең көк атты біреу келеді де, қасқырды іліп ала жөнеледі.
-Ау, жолың болғыр, менің байланған қасқырымда нең бар?-деп молда айқай салып қуады. Сонда көк атты:
- Бұл қасқыр былтыр менің құла биемнің құлынын жеп кеткен құныкер қасқыр!-деп кете береді. Молданың аузы аңқиып қала береді.

Аңқау мерген
  Аңқау мергеннен біреу әдейі:
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 809 | Добавил: модератор | Дата: 31.07.2013

«Мазам кетті...»
-Дәрігер, көмектесе көріңізші! Әйелімнің науқасынан мазам кетті. Дауысы бітіп қалды. Не істесем екен?!
-Бүгін үйіңізге түнгі сағат үште қайтып көріңізші...

Дәрігерге ұқсамайды екен

Бір әйел дәрігерге келіп шағыныпты:
-Соңғы кезде күйеуім өзін бір түрлі оғаш ұстап жүр, фарфор шыныаяқпен кофе ішсе болды, аяқтың тұтқасын ғана қалдырып, қалғанын түгел шатырлатып шайнап жеп қояды.
-Шынында мұнысы «қызық» екен,-дейді дәрігер,-шыныаяқтың ең тәтті жері-тұтқасы ғой...

Сыбдыр
Жаңа үйге қоныстанған жандарға бір қонағы келеді. Құттықтап әңгімелесіп отырып әлден уақытта құлағын әлде неге тосқандай сөзін тыя қояды: «кіргендерің жаңа-сендерге тышқан қайдан келе қалды?»-дейді қонақ.
-Ол тышқандар емес,-дейді үй иелері,-сыбдыр естісең, ол салат жеп жатқан іргедегі үйдегілер ғой...

Категория: Әзілдер | Просмотров: 762 | Добавил: модератор | Дата: 16.07.2013

  Бір қомағай қонақта отырып тамақты өте көп ішіп-жепті. Үйіне келген соң, мешкей күпті болып ауырып қалыпты. Көршісі келіп:
  -Саған не боп қалды?-деп сұрайды.
  -Қонаққа барған едім. Асты көп жіберсем керек,-дейді. Сонда көршісі:
  -Ас біреудікі болғанмен, қарын өзіңдікі екенін ойламадың ба?-депті.

Категория: Әзілдер | Просмотров: 828 | Добавил: модератор | Дата: 01.07.2013

  Бір жас жігітті құрбылары мазақтап үнемі «Есек» деп атайды екен. «Есек» деген атқа ол ренжіп, бұрқан-тарқан ашуланып, құрбы-құрдастарына наразы болып жүреді екен. Бірақ көп аузына қақпақ бола алмайды. Жұрт оны «Есек» деуін қоймайды. Әйел де, бала да, «есек» дей берген соң әбден зықысы шығып, жаны күйген жас жігіт жайылып жүрген жалғыз ешкісін сояды да, барлық жора-жолдастарын шақырып, етке тойғызады. Құман әкеп, қол жуарда: «Енді сендерден өтінішім осы дастарқан үстінде былай мені «Есек» деп айтпауға баталарыңды беріңдер»,-деп тілек қыпты.
  Жора-жолдасы әрі ойланып, бері ойланып, енді бұдан былай «Есек» демейік, «Қодық» дейік депті. Қонақтар тарқаған соң, бір жақын құрдасына келіп:
  -Енді жұрт мені есек емес, қодық дейтін болды. Есек дегеннен қодық әлдеқайда сыпайы емес пе?-дейді. Сонда құрдасы:
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1030 | Добавил: модератор | Дата: 19.06.2013

(Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен)
  Бір кедей аңшы арыз айтып, болысқа келсе, болыс «қолым тимейді, кейін бір келерсің»,-деп есігінен де қаратпапты.
  Арада бірнеше күн өтеді. Бір күні болыс аулының жылқысына қасқыр шауып, қанжоса ғып кетіпті. Ауыл адамдары көп ит ертіп қасқырлардың ізіне түскенмен қорлаулар маңайлатпай сытыла беріпті.
  Сол кезде қуғыншыларға әлгі аңшы шал келіп килігеді. Оның Аққасқа деген дүниеде жоқ жүйрік, әрі жүректі, қарулы тазысы бар екен. Аққасқа жылқыға шапқан үш бөрінің үшеуін бірдей жайратып тастайды.
  Үш қасқырды бірден алып, аты шыққан итті өз қолына түсірмекке кедей шалдың үйіне болыс келеді.
-Ассалаумағалейкум!
   Шал болыст ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 972 | Добавил: модератор | Дата: 08.06.2013

Шешен мен бай
Ертеде бір елден асқан әрі шешен, әрі тапқыр кісі болыпты. Өзінше менменсіп жүрген бір бай әлгі шешенді үйіне шақырады. Шешен қорадан кіріп келе жатқанда байдың иттері алдынан абалап үріп, екі жағынан анталай жүгіреді. Шешен иттен қаймығып байға тығылады. Сонда бай тұрып:
-Е, шешенім, үрген иттің қаппайтынын сіз білмейтін бе едіңіз?-дейді. Өзінше оны сөзден ұстадым деп ойлайды. Сонда шешен тұрып:
-Абалап үрген иттің қаппайтынын мен білуіне білемін ғой. Бірақ сол дәстүрді көрінгенді жұлмалап жеп үйренген сіздің иттеріңіз білмейді-ау деп қорқамын,-депті. Бай не дерін білмей шешеннен жеңіліп қалыпты.

Еркін аудармалар)
Спорттың ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1152 | Добавил: модератор | Дата: 24.05.2013

 Тұрлыбек деген болыс бір байдан параға ақ түйе алып, қасындағы атқосшысына жетектетіп келе жатып, жолшыбай бір жоқ жұқаналау ауылға келіп түседі. Ас үстінде желпініп отырған болыс Бәйсерке деген ақсақалға желіде байлаулы тұрған түйесін көрсетіп:
 -Мынау ойсыл қараны сынашы,-дейді. Сонда Байсерке:
-Аты шықпаған таудан,
Аты әйгілі төбе артық.
Бәйге алмаған тұлпардан,
Белі берік бесті артық.
Байламы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.
Мұнарланған күндізден ,
Жұлдызды жарық кеш артық.
Парадан алған түйеде ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 868 | Добавил: модератор | Дата: 15.05.2013

Қабілет артады екен...
Жұмыс орнында түкке тұрмайтын шаруамен айналысып отырсаңыз айналаңызды көз қиығыңызбен көре білу, сондай-ақ есту, жалпы қырағылық қабілеттеріңіз дами түсетін көрінеді...

Қарғалардың әңгімесі
Екі қарға әңгіме-дүкен құрып отырғанда үстерінен реактивті ұшақ (самолет) зымырап ұшып өтеді. Сонда біреуі:
-Мына құсың неменеге соншама шапшаң ұшады?-деп сұрайды. Екіншісі:
-Қымбаттым-ау, соны да білмейсің бе? Сенің құйрығыңа біреу от қойса, қалай ұшарыңды көрер едім, бәлем...-дейді...

Батшағар, саудагерлер де им ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 886 | Добавил: модератор | Дата: 04.05.2013

-Дәрігер мырза, тез жете көріңізші. Келіншегімнің соқырішегі ұстап қиналып жатқаны.
-Абыржымаңыз, бұдан екі жыл бұрын әйеліңізге операция жасап, соқырішегін алып тастағанбыз. Адамда екінші соқырішек болуы мүмкін емес.
-Дұрыс айтасыз. Бірақ, адамның екінші рет үйленуі әбден мүмкін ғой.
Ұққан екен...
-Кеше неғып келмей қалдың? Кеш бойы тостым. Жете алмадым емес пе.
-Айтып түсіндіргенім қайда: жүз қырық екінші автобуспен, соңғы аялдамасына дейін деп?
-Ұқтым ғой, екі сағат санап тұрдым, жүз-ақ автобус өткеннің өзінде әбден қараңғы түсіп кетті.

Тіпті балық болы ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 781 | Добавил: модератор | Дата: 20.04.2013

 Қожағұл деген момын кедей ертеде Түркстан қаласына келіп, өзінің Талжан деген таныс делдалының үйіне қонып отырады. Талжан әңгіме айтуды жақсы көреді екен. Бірақ әңгіме айтқанда малтасын езіп, тыңдаушысын әбден мезі қылады екен. Ол ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келген. Қожағұлға қаладағы саудагерлердің бірін мақтап, біріп даттап әңгімесін соза беріпті.
 Шыдамы таусылған Қожағұл:

-Талеке, менің сізден бір сұрағым бар, сол айтып отырған саудагерлерің өзі тамақ іші ме екен!?-депті. Көп сөйлеп кеткенін сезген Талжан сонда барып:
-Бәйбіше, тамағыңды әкел,-депті.
(«Күлдіргі-сықақ әңгімелерінен»)
(Еркін аудармалар)
Табылған бала
Біреу орман арасына ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 855 | Добавил: модератор | Дата: 11.04.2013

Жай экономист
-Анашым, Карл Маркс деген кім?
-Балам, Карл Маркс экономист болған.
-Біздің Изя атамыз сияқты ма?
-Жоқ. Изя атаң аға экономист.
Бала сұрағы
Ұлы әкесінен тәптіштеп сұрап жатыр:
-Папа (әке)! Кейбір Шығыс елдерінде жігіт үйленгенге дейін өзінің қалыңдығының кім екенін білмейді деген рас па?
-Рас болғанда қандай?! Барлық елдерде сондай, ұлым...
Жақсы бағалар
Әйелі күйеуінен:
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 846 | Добавил: модератор | Дата: 31.03.2013

(Еркін аудармалар)
 Әскери бөлімнің командирі үйіне келіп, табалдырықтан  аттаған сол еді, әйелі бірден бас салды:
-Немене, сендердің әскери бөлімдеріңді тарқатып жіберетін болды ма?-деп сұрады.
-Не деп тұрсың?! Ондай ештеңе жоқ. Мұны кім жеткізіп жүр саған?!
-Базарға барғанымда Маня деген қатын айтты.
-Мұнысының бәрі жалған! Бөлім қалай тұр, сол қалпында тұрады. Мен командир, яғни, бастық емеспін бе? Мен көбірек білетін шығармын, әлгі қатыныңнан гөрі!..
 Ертеңінде күйеуі үйіне келіп салып, әйеліне өтінішін білдірді:
-Люся базарға барып келші, әлгі Маня қатыныңнан сұрашы, мені қайда ауыстырады екен?.. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 901 | Добавил: модератор | Дата: 19.03.2013

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz