Воскресенье, 07.12.2025, 06:31
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Әзілдер
« 1 2 ... 7 8 9 10 »
Баяғыда бір Сыр қазағы жұмысы болып, арқа еліне барыпты. Онан жұрт:
-Сіздің елде тұрмыс, күн көріс қалай?-деп сұрайды.
-Біздің елдің тұрмыс жайының несін айтайын: ондағылар нанды жатып жейді,-депті.
Бұған қызығып нанды еңбексіз жатып жегісі келген Арқаның бір қазағы Сырға ауады. Сырға келіп жұрт қатары диханшылық қылады: таңның атысы, күннің батысы ыстық күнге күйіп, жан таласып тынымсыз жұмыс істейді, әбден шаршап титықтайды. Алдындағы асын отырып ішуге шамасы келмей, жатып ішеді. Сонда ол:
-Сыр адамы нанды жатып жейді дегені осы екен ғой!-депті.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1059 | Добавил: Чайник | Дата: 26.11.2009

Ертеде бір байдың екі қатыны бар екен. Тоқалы сақау, аңқау екен де, бәйбішесі қатал, қу екен. Тоқалды тамақтан қағып күн бермейді екен.
 Бай тоқалын аяп, бір күні ет турап отырып, оған:
-Мына бір сіңірді шайнап тасташы!-деп, бір жапырақ майлы етті лақтырып жібереді.
Тоқал байдың қулығын түсінбей:
-Шиңі-шіңи дегенің шиқа май ғой!-депті.

Категория: Әзілдер | Просмотров: 950 | Добавил: Чайник | Дата: 18.11.2009

Митың тағы да келіншегінің миын ашытып отыр.
-Еттің көбігін алмайтын сен қатынның осы не жының бар, әй?
-Еттің көбігін алмайды, сорпасымен қосып, сапырып жібереді.
-Ке-э-т! Бүкіл Қазақстан еттің көбігін алады. Ресей еттің көбігін алады. А, сен?..
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1233 | Добавил: kemel | Дата: 01.10.2009

Боран азынап тұр. Ауылдың шеті. Ит үріп отыр. Жанына Қасқыр келіп:
-Достым, неге үресің?-деп сұрайды.
-Қасқырды қорқытып отырмын,-деп жауап береді Ит.
-Құйрығыңды қысып алғаның қалай?
-Өзім де сонан қорқып отырмын.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1615 | Добавил: kemel | Дата: 01.10.2009

-Балалар,-депті мұғалім өзінің шәкірттерінің назарын аударып,-демалыс күндері істеген екі жақсы істерің жайлы айтып беріңдерші.
-Сенбі күні,-деп бастады сөзін Петя,-мен тәтеме барып едім, ол келгеніме өте қуанып  қалды.
-Жақсы Петя! Екінші істеген ісің қалай?
-Жексенбі күні мен тәтемнің үйінен қайтып кеттім, ол одан бетер қатты қуанды.

Категория: Әзілдер | Просмотров: 1100 | Добавил: kemel | Дата: 01.10.2009

Әкесі бір жолдасына балам әбден бетімен кетті деп шағынып тұр:
-Мүлдем лақпа болып алды. Ылғи бір нақұрыстардың айтқанына ғана құлақ салады. Сен бір сөйлесші, тіліңді алар.

Категория: Әзілдер | Просмотров: 970 | Добавил: kemel | Дата: 18.09.2009

-Даяшы, меніңше, өткен жексенбіде балығыңыз жаңа ауланған қалпында, иістенбеген секілді еді...
-Айтқанға илансаңызшы, бұл нақ сол балық қой.

Категория: Әзілдер | Просмотров: 1012 | Добавил: kemel | Дата: 18.09.2009

Екі пәтер арасын жұқа қабырға ғана бөліп тұрған көршілердің әңгімесі.
-Шырақ, өзіңдегі ән-күй табақтарыңды сатпайсың ба?
-Ағасы, талғамымыз бір жерден шықты ғой. Олар сізге де ұнады ма?
-Жоға... Бір түн құлағым тыныштала ма едім ғой.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1021 | Добавил: kemel | Дата: 18.09.2009

-Біз келіншегіміз екеуіміз жиырма жыл алаңсыз, бақытты өмір сүрдік.
-Е, одан соң ше?
-Одан соң деймісіз, одан соң кездесіп үйлендік емес пе?
Категория: Әзілдер | Просмотров: 979 | Добавил: kemel | Дата: 18.09.2009

Қарыздар

Ешкім ешқашан Дарвинге маймылдар сияқты  қарыздар емес шығар.

Жарнама

«Назар салыңыздар! Н. Қаржы-күш құрылымы бөлімі бастығының ұлы жоғалып кетті. Баланың жасы-12-де. Ерекше белгісі-подполковник».



Категория: Әзілдер | Просмотров: 5197 | Добавил: kemel | Дата: 17.09.2009

-Сенің аяқтарыңның тырнақтары неге сап-сары?
-Білмеймін, темекі тартқандікі шығар..

***
-Америка жайлы әңгіме қозғалса, мен удмурттар туралы ойлай бастаймын.
-Тек удмурттар  туралы ойлауыңның себебі не?
-Қызықсың, мен олар жөнінде ойласам, сонда олар туралы кім ойлайды?.

***
-Ұлым, жақсы оқысаң, саған компьютер сатып аламыз.
-Ал жаман оқысам ше?
-Пианино аламыз.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1838 | Добавил: kemel | Дата: 16.09.2009

Ертеде бір ақкөңіл әйел тігіншіге көйлек тіктіруге келіпті. Тігінші әбден жемқорлыққа үйренген алаяқ екен.
Әйелдің қолынан матаны ала салып:
-Мынау –бойқоспасы, мынау-бойқоспасының ойқоспасы, , мынау-жеңтүбі, мынау-жең түбінің  кең түбі-деп бір көйлектің орнына екі көйлектік мата алып қалыпты.
Әйел үйіне келгеннен кейін болған оқиғаны күйеуіне айтқан екен, күйеуі:
-Ойбай, байғұс-ай, сені жаман алдаған екен!-депті.
Онсыз да өзінің алданғанын біліп, не істерін білмей тұрған әйел:
-Қайтейін, атын атап-атап алды ғой!-депті.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1023 | Добавил: kemel | Дата: 13.09.2009

Сұрақ:-Әзілдерің жақсы екен. Тағы да бірді-екілісін бермейсіздер ме?
Жауап:-Сіз оқыған әзіл-ажуалар қазақтың күлдіргісі-сықақ әңгімелерінен екенін білдіңіздер ғой, біз еске салғандай болдық. Дегенмен, өтінішіңіз бойынша тағы  да бір тобына көз тоқтатыңыз.
Сол саудагер тамақ іше ме екен?
Қожағұл деген момын кедей ертеде Түркістан қаласына келіп, өзінің Талжан деген таныс делдалының үйіне қонып отырады. Талжан әңгіме айтуды жақсы көреді екен. Бірақ әңгіме айтқанда малтасын езіп, тыңдаушысын әбден мезі қылады екен. Ол ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келген Қожағұлға қаладағы саудагердердің бірін мақтап, бірін даттап әңгімесін соза беріпті.
Шыдамы таусылған Қожағұл:
-Талеке, менің сізден бір сұрағым бар, сол айтып отырған саудагерлерің өзі тамақ іше ме екен!?-депті.
Көп сөйлеп кеткен Талжан сонда барып:
-Бәйбіше, тамағыңды әкел,-депті.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
Категория: Әзілдер | Просмотров: 913 | Добавил: модератор | Дата: 10.09.2009

Бір қомағай қонақта отырып тамақты өте көп ішіп жепті. Үйіне келген соң, мешкей күпті болып ауырып қалыпты. Көршісі келіп:
-Саған не боп қалды?-деп сұрайды.
-Қонаққа барған едім. Асты көбірек жеп жіберсем керек,-дейді. Сонда көршісі:
-Ас біреудікі болғанмен, қарын өзіңдікі екенін ойламадың ба?-депті.
«Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелері»

Категория: Әзілдер | Просмотров: 1614 | Добавил: kemel | Дата: 03.09.2009

Бір сараң үйінде нанға бал жағып, жеп отырады. Үстіне бір танысы кіріп келеді.
Сараң нанды жасырып, балды жасырып үлгірмейді. Құр балды жей бермес деп ойлап, келген танысына:
-Бал жей отыр,-дейді.
Ол балды нансыз-ақ асап жей береді. Барлығын жеп қояды екен деп сараңның зәресі ұшып шыдай алмай:
-Балды көп жей берме, жүрегіңді ауыртады,-дейді.
Танысы сараңның ниетін түсініп:
-Сенің жүрегіңді ауыртпаса, менің жүрегімді ауыртпайды!-депті.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 906 | Добавил: kemel | Дата: 03.09.2009

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz